Мектеп тарихы сыр шертеді...
Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов атамыз айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім-барша әлем тыныс - тіршілігінің алғашқы іргетасы. Әрбір жеке тұлғаның болашағы өмір мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселелердің бірі білімді де, іскер ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру.
Аталмыш мектеп 1970 жылы қаланың екiншi мөлтек ауданында тұрғын жай есебiнде салынған 6 бөлмелi үйде ашылып, осы ауданнан қаладағы “Шардара”, “Горький” орта мектептерiне қатынап оқитын бастауыш сынып оқушылары оқытыла бастады.
мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.


