Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты
№12 жалпы орта мектебінде,үйірме жетекшілердің ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай қабырға газеттер көрмесі өткізілді.
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр,
Жасұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
ҚББП:Есіркепова А
Үйірме жетекшілер:Досаева Ы
Есенбекова М