№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектеп тарихы сыр шертеді...

Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов атамыз айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім-барша әлем тыныс - тіршілігінің алғашқы іргетасы. Әрбір жеке тұлғаның болашағы өмір мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.

Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселелердің бірі білімді де, іскер ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру.

Аталмыш мектеп 1970 жылы қаланың екiншi мөлтек ауданында тұрғын жай есебiнде салынған 6 бөлмелi үйде ашылып, осы ауданнан қаладағы “Шардара”,  “Горький” орта мектептерiне қатынап оқитын бастауыш сынып оқушылары оқытыла бастады.

Келесi жылы сегiз жылдық мәртебесiн алып, мектеп директорлығына Ержігіт Тәжiмұратов бекiтiлдi. Ол оқушылар құрамының жыл санап өсiп келе жатқанын негiзге ала отырып, табандылығының арқасында жедел түрде қосымша 12 бөлмелi жай салдыруға қол жеткiздi.

Алғашқы жылы бастауыш мектепте Жәлел Зейнедiлов,Аралбай Сыдыков, Бибсара Әбибуллаева, Күміскүл Қойтанова, Шарипа Әбдiғалиева, Дәмеш Дәбешова, Айсара Жұманова, Хадиша  Бақбергеновалар жұмыс iстедi. Кейiн сегiзжылдық, онжылдық болған тұста олардың қатарын Жаңыл Әлiбаева, Әбдірәсіл Әлiбаев, Әдемі Арапова, В.И.Подпорина, Н.Л.Лобанова, Сатыбалды Пахымбетов, Тоқсанбай Тасыбеков, Болысбек Әлiмбеков, Алтынбек Тұңғышбаев, Тағабек Әлiпбаев, Қосыл Әбуов, Тұрғын Ауелбеков,Бибімариям Байтүгелова, Набаткүл Қарабаева,Гүлнар Ағмановалар бастаған шәкiрттерiнiң құрметiне айналған 50-ге жуық нағыз педагог мамандар толықтырды.

Осы ұстаздардың арасынан 9 - ы Қазақ ССР оқу iсiнiң үздiгi, 5 - еуi “әдiскер ұстаз”, 7 - еуi «аға мұғалiм» атағын иеленсе, Бибсара Әбибуллаева мен Озипа Ораловалар Кеңес Одағының жоғары мемлекеттiк наградаларының бiрi «Құрмет белгiсi» орденiмен, аудандағы тұңғыш «СССР оқу iсiнiң үздiгi», сондай-ақ, Қазақ ССР халық ағарту iсiнiң озық қызметкерi  Аралбай Сыдықов бұрынғы Одақтық Үкiметтiң мемлекеттiк наградасы «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен марапатталды.     

Халыққа елеулі еңбек етіп, оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруде әр уақытта мектепті басқарған мектеп директорлары. Бiлiм мекемесiн Е.Тәжiмұратов зейнеткерлiкке шыққан соң төменде аты аталған тұлғалар басқарды: Ғ.Омарова (1986-1988 ж.ж), Т.ӘАлипбаев (1988-1989 ж.ж), Ж.Сыздықов (1989-1990 ж.ж), О.Уәлиханов (1990-1994 ж.ж), Б.Қалымбетов (1994-1996 ж.ж), Р.Хожаниязова (1996-1998 ж.ж), Е.Базаров (1998-2000 ж.ж), Б.Мыңжасаров (2000-2006 ж.ж), Мектеп басшылығында тым аз уақыт жұмыс iстеп, басқа қызметке ауысқандарын айтпағанда, басқалары мекеменiң қалыптасқан жақсы еңбек дәстүрiн лайықты жалғастырып, оны жаңа биiктерге көтеруге өз үлестерiн қоса бiлдi. Әр жылдарда мектеп директорларының оқу мен тәрбие iстерi жөнiндегi орынбасарлары болып қызмет атқарған Б.Әбибуллаева, Н.Тәлтеева, Т.Әуелбеков, В.И.Подпорина, Г.Серiкбаева, Г.Шамшидинова, А.Тұңғышбаев, Ұ.Бегиева, Б.Кенжебаев тағы басқалары мектеп абыройын арттыруға аз еңбек сiңiрген жоқ.Қазіргі таңда аталмыш мектептің 48 жылдық тарихы бар.Бұл мектептің ең алғаш түлектері 1963жылғы түлектер.Бұл мектептен тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстаған қаншама ел басшылары, өнер майталмандары білім алып қанаттанып шықты.

Өз мамандықтары бойынша Республикалық, облыстық деңгейде абыройлы қызмет атқарып  жүрген Амангелді Бердешов (Қазақстанның құрметтi сәулетшiсi, ОҚО құрылысшылар қауымдастығының төрағасы),Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының зертхана меңгерушісі  Айымторы Батырмбетова,  Убайдулла  Датқаев (Аспендияров атындағы Ұлттық университетің  проректоры, мед. ғылымының докторы, профессор),  Оразбек Сахов (Алматы кардиология орталығының бөлім меңгерушісі, мед.ғылымының докторы,профессор),Бахрам Жумадиллаев (Республикалық балалар онкологиялық ауруханасының бөлім меңгерушісі,мед.ғылымының докторы,профессор ),Гулшат Давранова (Тенгизшевройл компаниясының бас кеңесші- экономисті), Әмірхан Балқыбек(Ақын жазушы, марқұм), Астана қаласы Назарбаев университетінің Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы,Ұлттық нейрохимиялық орталығының білікті дәрігері Мария Усеева, Оңтүстік аймақтық «Қазақтелеком» дерекциясының басшысы Талғат Махамбетов, Арман Қарсыбаев (Шардара ауданы әкiмдiгi дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң бастығы, қол күресiнен Республика құрама командасының жаттықтырушысы).Азамат Үсіпбаев (Астана қаласы қауіпсіздік комитетінің қызметкері).

М.Әуезов атындағы  мектепке 2006 жылы 1266 орынды жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берiлдi.Бұл ғимаратты жаңа мектепке ауыстырылуына байланысты 2006-2014 жылдар аралығында дарынды балалар білім алатын арнайы №3 мамандырылған мектеп интернаты ашылып, білім майталмандары дәріс алды. Ал, 2014 жылы «Дарын» мектебі жаңа ғимаратқа көшіріліп,орнына 2016 жылдың ақпан айында №12 жалпы орта мектебі ашылды. 2016-2019 ж аралығында мектеп директоры Тағабек Құттыбекұлы Алипбаев, 2019 ж бастап Тулепов Данияр Рысбайұлы директорлық қызметін атқаруда. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сланбекова Жамила Мұсаханқызы,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Батырмбетова, Ғылыми - әдістемелік орынбасары Жамал Еспембетова, Шынар Азбергенова мектептің жұмыстарына белсенділік танытқан, бүгінгі таңда Оспанова Фариза өз міндетін жоғары деңгейде атқарып жүр. Мектебімізде ардагер ұстаз Гүлнар Ақмурзаева, Бақтыгүл Толепова, Жаппар Азтаев, Жанар Мырзамұратова, Тілла Абубакирова, ауған соғысмының ардагері Жақсылықов Мырзан  білім саласында абыройлы қызметін атқарып жүр.  Мектеп мұғалімдерінің басым көпшілігі жастар.

Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің. Қазақтың: «Мектеп – кеме, білім - теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі, сенің  «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып  биік шыңдардан  көрінерің анық.

Биыл 2022-2023 жаңа оқу жылын 712 оқушымен, 38 сынып компонентімен бастағалы отырмыз. Былтырғы оқу жылын 645 оқушымен аяқтаған болатынбыз. 1 - 11 класс аралығында 120 оқу озаты, 160 оқу екпіндісі болды. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 53,2% құрады. 21-22 оқу жылында 55,4  Өткен жылмен салыстырғанда (2,2%) өсім бар.

Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі - бұл мектеп түлектерінің ҰБТ - дегі көрсеткен білім деңгейі. ҰБТ – ға  қатысқан 26 түлектің барлығы да тиісті балл жинап, студент атанды десек те болады. 6 түлек грант иегері, 6 оқушы жоғары оқу орнына, 7 колледжге оқуға түсіп студент болып танылды.

Білім ордасының қай - қайсы да білікті маман - кадрлармен ерекшеленеді. Мектеп ұжымында 106 мұғалім бар. Оның 1 - і педагог-шебер, педагог зерттеуші - 15, педагог - сарапшы - 21, педагог модератор-17. Кадр тұрақты. Барлық пән мұғалімдері жеткілікті.

Мектептің материалдық - техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалануға ерекше мән беріліп келеді.

Жаңа оқу жылына алған міндеттердің ішінде ата - анамен жұмыс деңгейін жаңа сатыға көтеру мәселесі қойылды. Бұл бағытта танымы мен тағылымы мол шараларды көптеп өткізуді жоспарлап отырмыз. Ата - анамен бірлескен жұмыс жолға қойылмай, тәрбие бағытындағы жұмыстардың ілгерілеуін көруге болмайды. Қазіргі кезеңде оқушылардың арасында құқық бұзушылық жайттардың жиі кездесуі, әр түрлі діни ағымдардың жетегінде кетіп, еркінен айрылуы, біздің менталитетімізге жат теріс еліктегіш қасиеттердің бой көрсетуі белең алып келеді. Бұл тұста әрбір педагог, әрбір ата - ана, психолог тарапынан бірлескен тұрақты жұмысты жедел түрде қолға алуымыз қажет. Бұлар еліміздің келешегі, ертеңі. Сондықтан олардың бойындағы болашаққа сенім, үміт, оптимистік көзқарас ұялату - баршамыздың парызымыз.