Ұлдар жиналысы
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сыныптың ұл балаларының қатысуымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу!» тақырыбында Ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп директоры Д.Р.Тулепов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шиназбаев және сынып жетекшілер қатысты.
Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, жайлы айтылды. ҚР ӘҚБ Кодексінің 442 бабы Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы яғни оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілдерісіз сағат 22:00 ден таңғы 06-ға дейінгі уақытта жүрмеуге.Сонымен қатар әлім жеттік, күш көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді . 435 бапта Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша ата-анасына айып пұл салынатындығы және 436 бапта елдімекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану бойынша қару тәркіленіп 20 АКП салынатындығын туралы айтылды.