№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№12 жалпы білім беретін мектебі, 5 "Ә" сыныбы

Сынып жетекшісі: Пердебаева Ақкенже

2025 жылғы 2 - ші қыркүйек күні 5 "Ә" сыныбында «Менің Отаным – Қазақстан» атты тәрбиелік сынып сағаты өткізілді. Бұл іс - шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік, елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.

Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихы, мемлекеттік рәміздері, мәдениеті мен дәстүрлері жайлы мазмұнды баяндамалар жасап, өз ойларымен белсенді түрде бөлісті. Сонымен қатар, патриоттық өлеңдер оқылып, «Қазақстан» туралы әндер шырқалды.

Іс - шара оқушыларға Отан ұғымының маңыздылығын түсіндіріп, туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды. Шара соңында оқушылар «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында шағын эссе жазып, еліміздің жарқын болашағына деген сенімдерін білдірді.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс - шаралар жас ұрпақты елжанды, білімді, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Қазақстан - біздің ортақ үйіміз, мақтанышымыз және болашағымыз!