Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты N12 жалпы білім беретін мектебінде 24.05.2024 күні "Білімім-Отаныма!" тақырыбында 8 Д сыныбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың 2023-2024 оқу жылының аяқталу қарсаңындағы мектеп оқушыларына жолдаған бейне құттықтауы көрсетілді. Сынып сағатын "Елімнің болашағы менің қолымда.... Елімнің келешігі менмен... "тақырыптарына оқушылар эссе жазумен жалғастырды. Оқушылар сынып сағатына өз ойларын ашық айтып, еркін отырды. Сынып сағаты оқу жылындағы белсенді оқушыларды марапаттаумен аяқталды. Сынып жетекші: Арыстанова Перизат Рысбаевна