Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12 жалпы білім беретін мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Г.Батырмбетованың ұйымдастыруымен бейіналды жұмыстарын жүргізу мақсатында 5Б сыныбының жетекшісі Кенжеева Гүлдар «Кім болам?» тақырыбында сахналау сабағын өткізді. Сахналау сабағының мақсаты: Балалардың мамандық туралы түсініктерін дамыту. Олардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Мың түрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру.
Мұғалім оқушыларға мамандық таңдау үшін, қазіргі заманауи мамандықтар туралы түсініктеме берді. Оларға сұрақтар қойылып, ойларын ашық, еркін жеткізе білген оқушыларды марапаттап, мадақтап отырды. Оқушылар таңдаған мамандығына сахналық қойылымдар жасап, өздерінің сол мамандыққа құштарланып бейім екендіктерін көрсете білді. Сабақ өте қызықты өтті.