Түркістан облысы Шардара ауданы №12 жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологтарының үйде оқытылатын ерекше балалармен ұйымдастырылған «Жан жылуы» атты қайырымдылық кеші!
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар!
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін ерекше балаларға қолдау көрсету мақсатында «Жан жылуы» атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер!
Бүгінгі күні - біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ?.... Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші.
Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді?
Әрине бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде. Олай болса ерекше балалардың құрметіне арналған
іс-шарамызды бастамас бұрын қонақтармен таныс болыңыздар.
1.Түркістан облысы Шардара қаласының «Рахым сауап» қоғамдық бірлестік төрайымы Ешбаева Зауре Абуқызы.
- Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Данияров Асылхан мырза.
3.Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас маманы Есбосынова Бибіажар Әлметқызы.
- Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы әрі директоры Лаханов Сабит мырза.
- Мектеп директоры Жунускулова Роза Алимбекқызы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұраны орындалсын!
Бүгінгі «Жан жылуы» атты қайырымдылық кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін ортаға мектебіміздің директоры Роза Әлімбекқызын құрметпен шақырамыз.
Жүргізуші
Шыда, шыда!
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің құлан иек құла таңы,
Әйтеуір, бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
Ерекше балалардың ерекше еркелігіне сабырлық танытып жүрген аналарға мың алғыс.
Сіздердің құрметтеріңізге би «Шабыт» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Бар байлығымыз, бақытымыз-бала. Өмірдің гүлі де де осылар ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балармен өлшенбек. Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын аналарымыз, ұстаздарымыз аман болсын!
Жүргізуші:
Абайдың 17 қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай жақсылықты оларға да ойлау игі еді». Адам баласы ең алдымен жақсылықты анаға жасауды жөн көрген. Осы орайда барша аналарымыздың құрметіне әсем ән арнағымыз келіп отыр,
Мектебіміздің белсенді ұстаздарының орындауында«Рақмет АНА» барша аналарымыздың құрметіне арналады, қабыл алыңыздар
Келесі сөз кезегін құрметті қонақтарымызға беріледі:
- Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Данияров Асылхан мырза.
- Түркістан облысы Шардара қаласының «Рахым сауап» қоғамдық бірлестік төрайымы Ешбаева Зауре Абуқызы
Жүргізуші:
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы-тәтті
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ-қатты
Жолында жолығатын екі тағдыр
Күтеді Адам үшін сын сағатты
Өмір деген тұрмайды: Қап-қарадан
Өмір деген тұрмады: Ақ-қарадан
Ақ-қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Аудандық байқаулардың жеңімпазы мектебіміздің мақтанышы Тоқтар Назгүлді «Ана» маналогымен ортаға шақырамыз.
Алдарыңызда бастауыш сынып биші қыздарымыздың орындауында «Жастар думаны» биін қабыл алыңыздар
Құрметті қонақтарға сөз тізгіні беріледі:
3.Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас маманы Есбосынова Бибіажар Әлметқызы.
- Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы әрі директоры Лаханов Сабит мырзаға.
Жүргізуші:
Өмір деген тәтті екен әрқашан да
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да
Бала жүрек риза жаратқанға
Жарқыраймын әр күні таң атқанда
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып
Мен өмірді сүйемін әрқашан да
Хор! мектебіміздің бетке тұтары, ән байқауларда қатысып жүлделі орындарының иегері болған Қайырбек Аружан және бастауыш сынып оқушылары
Жүргізуші:
Жасынан сүйіп өсер балапанын.
Бір саған сенім артар балапаның,
Бір сәтке ұмытармын қиындықты.
Сипаса маңдайымнан алақаның.
Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.
Сөз кезегі және аналарымызға арналған марапаттар мектеп директоры Жунускулова Роза Әлімбекқызына беріледі.
Жүргізуші:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Қымбатты ұстаздар мен ата - аналар және оқушылар! Осымен бүгінгі өткен «Жан жылуы» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті уақыт бөліп келгендеріңізге мың алғыс!
Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар!
Дайындаған мектеп педагог-психологтары: Б. Өрісбаева, А. Козтаева