№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Шардара ауданының білім
Бөлімінің басшысы
Ж. Мұсатаеваға

Балаларды зорлық-зомбылықтан, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамассыз етудің  2023-2024жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 17-қаңтардан 17 ақпанға дейінгі «ДосболLike» акциясының іс-шара жоспарының атқарылғандығы туралы

Мәлімет

"ДосболLike"

          Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты N12 жалпы білім беретін мектептің педагог-психолог маманы Б. Өрісбаева балаларды зорлық-зомбылықтан, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу қорғау және олардың құқықтары мен әлауқатын қамтамассыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 2024 жылдың 17 қаңтардан 17- ақпанға дейінгі “Досбол LIKE “ акциясының шеңберінде іс- шара жұмыстары өткізілді.

         Мектебімізде “ Буллинг және Кибербулинг және оларға қарсы тұру” тақырыбында психологиялық тренинг сабақ ұйымдастырылды. Тренинг сабаққа мектебіміздің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

       Тренинг мақсаты:  Қазіргі таңда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Оқушылардың буллинг, кибербулинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.     

        Тренинг барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді. “ Миғашабуыл” әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп, ойға шақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг ( электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік)- бұл өзін -өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қудалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы т.б жолдармен жасалатындығы түсіндірілді.

         Тренингке 10 а сыныбы қатыстырылды оқушы саны – 23.

         "ДосболLike"   акциясы N12 жалпы білім беретін мектебінің Педагог -психолог Балжан Өрісбаеваның ұйымдастыруымен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әлауқатын қамтассыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру 2024 жылдың 17 ақпанға дейінгі “ДосболLike “ акциясының шеңберінде іс-шара жұмыстары жүргізілді.

        Мектеп парламент мүшелерімен бірлесе отырып, таңғы көңіл күй сыйлау мақсатында ұстаздармен оқушыларды көңілді әнмен қарсы алып, оларға әр түрлі көңіл күйді көтеретін смайликтер ұсынылды, ұстаздар сол бейнелерді қайталап өлең шумақтары бар тәттіні алып биге шақырылды. Досбол Like фото рамкасына келіп оқушылармен бірге суретке түсті.    

      Ұстаздармен оқушылар өз алғыстарын білдіріп, сабақтарына керемет көңіл-күймен енді.

      Сабақ арасында оқушыларды сергіту мақсатында “көңілді қоңырау” ойыны жүргізілді. Оқушылар өте белсенді көңілді қатысты.

Іс-шараға мектеп парламент мүшелері қатысты саны- 8 оқушы.

«Көңілді қоңырау» оқушылармен сергіту сәті. Мектеп оқушылары түгелімен қатыстырылды.

Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс.

Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат демекші, N12 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологі Б.Өрісбаева өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін жандандыру мақсатында “Білім алу процесін әлеуметтік-психологиялық қолдау”тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде осы төменде аталған мәселелер қарастырылды.

1)Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. Отбасы құндылығы

2)Оқушының денсаулығы. Салауатты өмір салтын қорғаудағы ата-ана үлесі.

3)Ата-аналарға «Қамқорлық» акциясын таныстыру; акцияға өз үлестерін қосуға барынша күш салдыру.

Соңынан әр түрлі мәселелер айтылып, талқыланды ата -аналар өз ойларымен бөлісіп ұсыныс пікірлерін айтып өтті.

Әр сыныптан  12-19 ата анадан қатысты.

12.02.2024 жылы «ДОСБОЛ LIKE: достық қолын ұсын» акциясы аясында N12 жалпы білім беретін мектептің жоғарғы және орта буын оқушыларымен педагог-психолог Б.Өрісбаева «Дос болайық бәріміз» тақырыбында іс—шара ұйымдастырып, фотоколлаж жасап, тренинг өткізді.

Мақсаты: Балаларды дос болуға, ұйымшылдыққа, бауырмашыл болуға тәрбиелеу. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту.

Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

* Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

* Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;

* Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Фотоколлаж жасауға 10 ә сыныптан 16-оқушы қатыстырылды.

N 12 жалпы білім беретін мектеп педагог-психолог Б.Өрісбаева “Дос болайық бәріміз” мектеп оқушыларымен шығармашылық тренинг. Мектеп парламент мүшелерімен бірлесе отырып, мұғалімдерге жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында тәттімен бірге көңіл-күйді көтеретін жылы лебіздерін білдірді.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Достық» тренингі

Мақсаты: сыныптың ауызбіршлігін, ынтымақтастығын дамыту.

Тренингтің міндеті:

1) Бір-біріне деген сенімді және мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру.

2)Мәселелік жағдаяттарды шешуді үйрену және өзінің іс-әрекетін басқалардың қабілетімен үйлестіре білуге қалыптастыру.

3)Қойылған мақсатты бірігіп шешуге және іскерлікке үйрету.

4)Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту.

Танысу.

Оқушылар бір-біріне доп беру арқылы «Менің досым Айнұр» фразасын айтады.

Ой-толғау.

Дос дегеніміз не?

Қалай ойлайсыңдар, шынайы дос болу қиын ба?

Дос қандай болу керек?

Ойын «Құстар үйірі»

Қазір барлықтарың кішкентай құсқа айналасыңдар. Сендер құстар әуенмен ұшасыңдар. Бір-біріңмен соқтығысып қалуларың мүмкін, абай болыңдар. Менің нұсқаулығым бойынша кішігірім үйірлерге жиналасыңдар, үйірдегі құстардың санын мен атаймын.

Біраз уақыттан кейін жүргізуші мысалы «бес» санын айтады. Оқушылар бес-бестен топ құрайды. Кім топқа кіре алмай қалды сол ойыннан шығады.

“Лабиринт ойыны”

Оқушылар орындарынан тұрып үстел үстіндегі лабиринт жолдарымен жүріп отырады.

Жаттығудың психологиялық түсінігі

Бір-бірін жақсы тани білу, бір-біріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Жаттығу «Бес мейірімді сөз»

Әрбір қатысушы параққа өзінің алақанын салып ортасына өзінің есімін жазады. Одан кейін суретін оң жақтағы көршісіне береді, өзі де көршісінің суретін алады. Суреттегі бір саусаққа мейірімді сөз, тілек жазады (сен-мейірімдісің, сен-көңілдісің және т.б.). Сурет шеңбермен жүреді. Осымен барлық саусақтар толтырылады. Егер саусаққа сыймай қалса алақаннының ішінде жазуға болады. Жаттығудың соңында сурет өз иелеріне беріледі, жазылған тілектерді оқуға болады.

Қорытынды: Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтты. Тренингке 4 «а» сыныптан  21-оқушы, 1 «а» сыныбынан -20 оқушы қатыстырылды.

Дайындаған: №12жалпы білім беретін мектеп педагог-психологі Б.Өрісбаева