№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектеп ұстаздарымен көңілді тренинг.

Жас мамандармен жүргізілген "Эмоция әлемінде" тренингі

Жас мамандармен «Эмоция әлемінде» атты тренинг жүргізілгендігі туралы анықтама

Мерзімі: 4 қараша 2022ж

Қатысқандар саны: 7 мұғалім

Әдісі: тренинг

Жауапты: мектеп психологі: Өрісбаева Балжан

Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.

Жоспары:

• «Танысу» жаттығуы

• «Мұғалім болу ...» жаттығуы

• «Келісу керек» ойын-жаттығуы

• «Өзіңді білгің келсе ...» жаттығуы

•  Сезіміңді суретте жаттығуы

• Қорытындылау


1. «Танысу» жаттығуы

Әр бір тренинг қатысушылары өз есімдерін айтады және қойылу тарихын баяндайды. Алдында отырған адамның жақсы нені ұнататынын ұнатпайтын бір қасиетін айтып шығады. Мысалы: сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды ұнатпайды.

2. «Мұғалім болу ...» жаттығуы

Тренингке қатысушы жас педагогтар бүгінгі тренингімізді «Мұғалім болу ...» жаттығуын жүргізейік. Әрбіріңіз осы мұғалім болудағы мақсаттарыңыз, бұл мамандықты не үшін таңдағандарыңызды осы фразаны жалғастыру арқылы бір сөзбен жеткізіңіздер.

3. «Тимбилдинг 1+1= 5» ойын жаттығуы

Мақсаты: командалық жұмысқа үйрету,  ұжымға бейімделуге бағыттау

Көз жұму арқылы 4 бұрыш, 3 бұрыш жасау

Ортаға отырып, сандарды шапалақ арқылы айту, Мысалы: 1,2 шапалақ 4 5 шапалақ 6 7 8 шапалақ

Шеңберге бір қасиет айту арқылы жиналу

4. «Өзіңді білгің келсе...» арт терапия 
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.

5. Жас мамандарға психологиялық кеңес

1. Оптимист болыңыздар!

2. Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үлкендер; 

3. Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа ссүйеңіз;

4.Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;

5.Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз; 

6.Ұмытпаңыз: алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;

7.Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдықтанытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;

8.Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;

9.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;

10.Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;

11.Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;

12.Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;

13.Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;

14.Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;

15.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз; 

16.Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз; 

17.Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз.

Жас мамандармен өткізілген тренинг өз дәрежесінде өткізілді