№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Атқарылған іс-шара: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында мектеп жас мамандарымен «Жас маман алға бас қадам» атты тренинг сабақ жүргізілді. Онда педагогтар өздерін еркін сезініп, ойларын ашық жеткізді. Түрлі әдістермен ойындар арқылы оқушыларға жол таба білу керектігімен тренингті қорытындылады.

Психологиялық қолдау мақсатында: «Орта буын оқушыларының ата-аналары назарына» психологиялық жаднама таратылып, тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында бала мен ата-ананың арасындағы шексіз байланыспен, құндылықтары айтылды.

Бала біздің ертеңіміз,

Бала біздің болашағымыз, постерімен тренингті қорытындылады.

Мектебімізде ерекше балдарды өсіріп, тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдау мақсатында психологтың ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты іс-шара ұйымдастырылды. Ауданнан қонақтар шақыртылды. Ата-аналарды құрметпен арнайы шақыру хатпен алдыртып, мектеп директорының атынан алғыс хатпен марапаттап сый құрмет көрсетілді. Мерекелік концертті тамашалап болған соң, барлық оқушылармен ата-аналарын теңіз толқынымен демалуға ұсыныс білдірді. Онда «теңіз терапиясы» жүргізілді. Оқушылармен олардың аналары өздерінің ерекше алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.

Соңында «Армандар орындалады»-деп оқушылар өз арман тілектерін айтып,  барлығы бірге көкке әуе шарын ұшырды.

Педагог -психолог: Б.Өрісбаева

Мектепшілік жылдық жоспарға  сәйкес 9-11 сынып оқушыларының мамандық типін анықтау мақсатында директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Г.Батрымбетовамен бірлесе отырып «ДДС» Климов әдістемесі бойынша  оқушылардан сауалнама алынды. Толықтай сыныптардан алынып, нәтижесі таныстырылды.


Ата аналармен жұмыс. Бала тәрбиесі туралы ата-аналарға арналған тренинг сабақтар ұйымдастырылды. Сынып аралық ата-аналар жиналысына қатысып, бейне роликтер көрсетілді. Ата-аналар өз ұсыныс пікірлерін айтып, караоке әнмен қорытындылады.


Мектепшілік  құқық бұзушылық оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен діни экстремизмднің алдын алу жұмыстары, түнгі рейд уақыты жасөспірімдердің авто көлік айдауы оның қаншалықты қауіпті екендігі және де ата-аналарға берілетін ескертпелер жайында толық ақпаратты мектеп инспекторы Д.Танабай ДТІЖО С.Шиназбаев мектеп педагог-психологі Б.Өрісбаева оқушыларды таныстырып шықты.

«Бестерек» жобасының екінші кезеңі. Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12 жалпы білім беретін мектеп педагогикалық-психологиялық жылдық жоспарына сәйкес  «Бестерек» жобасы бойынша оқушылардан бірінші кезең кабинеттік талдау жұмыстарын аяқтап, екінші кезең далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 5-11 сынып оқушыларынан сауалнамалар алынып, «Менің отбасым», «Менің ең жақын досым», «Менің арманым», тақырыптарында  эссе жазып, «Үй, адам, ағаш» суреттерін салып талдау жұмыстары жүріп жинақталуда.