№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2023 – 2024 оқу жылы
IV-тоқсанында педагог-психологтың атқарылған жұмыстарының
Мәліметі

№12 жалпы білім беретін мектеп КММ Тақырыбы: Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны.

      Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.

№12 жалпы білім беретін мектебінде 15.02.2024жыл күні мектепішілік қыздар жиналысы болып өтті.

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті? Мектеп психологі Б. Өрісбаева сөйледі. Медицинада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. 
  Ерте жүктілік туралы түсінік? Мектеп психологы – Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала«әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Психологиялық кеңестермен бөлісті.

 Жиналысымызға мектебіміздің белсенді,үлгілі оқушы қыздары қыздарымызға өзінің ақыл-кеңестерін айтты. Қыз тәрбиесінің маңызын түсіндіріп,жақсы тілектер айтты. Мектеп медбикесі, тазалық жайлы ақпарат берді мектеп психологы  қыздармен ойын-жаттығуларын жүргізді. Қыздар комитетінің жетекшісі Қайырбекова Аружан кесімді ой-пікірлерімен бөлісті.

Қыздар ұйымының төрайымы Ажбенбек Ақтолқын "Қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдері" атты тақырыпта ұлттық киімдермен таныстырып, оның мән-мағынасын, тәрбиелік мәні туралы баяндады.

 Сөз соңында айтарымыз:

     Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар!

Инабатты, ілтипатты, ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

 Педагог психолог: Б. Өрісбаева