№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Өрісбаева Балжан 5-11сынып қыздарынан "Мен қазақтың қызымын" атты сауалнама жүргізді.

Сауалнама мақсаты: Қыз баланың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір-бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

«Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады.

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленетін қыздар ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленері сөзсіз. Қыздардың бірі – жаңа буырқанған бұлақ болса, екіншісі ағысы қатты арналы өзен, бірі момын жуас болса, енді бірі өткір де өжет жаратылған.

Үнемі тиянақты жүргізілген жұмыс қыздардың мінезіндегі тұрақтылықты қалыптастырады. Олар бір ұлттың мақтанышы және болашақта алдарында үлкен жауапкершілік тұрғанын санасына құя отырып, білікті, білімді, жан-жақты қыз баланы тәрбиелеуіміз – біздер үшін басты мақсат.