№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының білім басқармасының, Шардара аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, №12 жалпы білім беретін мектебімізде «Тарих және география» пәндері бойынша семинар болып өтті.

Семинардың тақырыбы:«Жалпы адамзаттық құңдылықтар - мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі».

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңаруы мен қатар сабақ үдерісіндегі оқытудың әртүрлі әдістердің тиімді қолданудың маңызын ашып көрсету, оқушылардың функционалдық сауттылығын дамыту.

«Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы тиіс»

Тәжірибелік семинарда аталған білім ордасының тарих және география пән мұғалімдерінің «Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері», «Құрлық сулары», «Сырым Датұлы бастаған көтеріліс», «Қыпшақ хандығы», «Қазақстандағы ұлттық автономиялар», «Геосфералардың ластануы», «ХХ-ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы», «Гидросфера және оның құрамдас бөліктері», «Тоқырау жылдарындағы демографиялық процесстер», «Монғол шапқыншылығы» тақырыптарында ашық сабақ және шебер сабақтары өткізілді.

Семинар қорытындысын бөлім әдіскері М.Мырзабасов және №12 мектеп директорының міндетін атқарушы Д.Тулепов қорытындылап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.