№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы

Шардара қаласы

N 12 жалпы орта мектебінде , мектебіміздің бастауыш сыныптар бірлестігінде "Тәлімгер мен жас маман" апталығы болып өтті.

Мақсаты: Тәлімгер мен жас маман арасында байланысты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында 2 "А" сынып жетекшісі тәлімгер Ж. Құдабаева және 1"В" сынып жетекшісі жас маман Таласова Маржан ұстаздарымыз "Қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабаққа:

Бастауыш сыныптар бірлестігінің оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Турманова,

Үйірме жетекшісі А.Есіркепова.

Бастауыш сыныптар бірлестігі А.Бохаева.т.б.ұстаздар қатысты.

Тәлімгер Құдабаева Жұлдыз сабақты ұйымдастырып және сабақ мақсатымен таныстырды.Әрі қарай Таласова Маржан апай сабақты жалғастырды.Балалармен жұмыс жасауда түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, сабақ өте жоғары деңгейде өтілді.

Мысалы:1-әдіс. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында "Көгершіндер алып келген хат" әдісін қолданды.

2-әдіс. Жеке жұмыс, жаңа тақырыпты ашу ой қозғау мақсатында "Киндер сюрприз" әдісі қолданылды. Бұл жеке жұмыс болды. Кітаппен және дәптермен жұмыс, тақтамен жұмыстарымен жалғасты.

3-әдіс. Жұптық жұмыста балалар жұбымен жұмыс жасады.Тапсырманы орындаған балалар "Төс белгімен" бағаланып отырды.

4-әдіс. Топтық жұмыста балалар "Күннің бетін ашу" мен жұмыс жасады.Әр топтағы балалар есепті дұрыс шығарып күннің бетін бұлттан ашты, және әр топбасшысы жұмыстарын қорғап нәтижесін жариялады. Сабақ өте тартымды қызықты болды.

#Бастауыш_бірлестігі

#Тәлімгер_жас_маман

#N12жом