"Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман!"
жас мамандармен тренинг
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12жалпы
білім беретін мектебінде "Жарқын болашақ иесі- бүгінгі жас маман!" атты
мектебіміздің жас мамандарына тренинг сабақ өткізілді.
Мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды
психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-
қатынасымыз қандай, олар кімдер,біз кімбіз , өзімізді-өзіміз танимыз ба?
деген сұрақтарға жауап іздеп,тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Міндеті:
- Жас маманға өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету, бейімділіктерін дамытуға
үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
- Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың
мотивациясын арттыру.
Сабақ көңілді әуен толқынымен сәлемдесіп, тренинг қатысушылары
жағымды көңіл күймен бастады. ДҒӘІЖО Ф.Оспанова жас мамандарға
жаңартылған бағыт бойынша сабақ жоспарын дұрыс түзуді үйретті. Жас
мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бағыт- бағдар
көрсетті. Тренингті мектебіміздің педагог-психологы Б.Өрісбаева
жалғастырды. Психологиялық тренингте жас мамандарға түрлі әдістер
арқылы тапсырмалар беріліп, ситуациялық жағдайдан шығу жолдары
көрсетілді.
Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі
күннің талабы болса мектептегі басты тұлға-мұғалім. Ы.Алтынсарин
сөзімен айтсақ, «Мұғалім-мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі-
білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық десе соғып
тұратын,рефлекцияға қабілетті,кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық
дарын иесі болуы тиіс деген мақсатпен сабақ қорытындылады.