21.12.22ж Асанова 7г сыныбында «Жану процесі» тақырыбында алдымен сыныпқа жағымды ахуал орнату мақсатында «Үш шапалақ» әдісі арқылы 1 - шапалақ «Көңіл - күйіміз қандай?», 2 - шапалақ «Сабаққа дайынбыз ба?», 3 - шапалақ «Сабақты ойдағыдай аяқтаймыз ба?» оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп алып, «Жаңбыр тамшылары» әдісі арқылы үй тапсырмаларын орындатып, зертханалық жұмысты топпен орындатты. «Идеялар себеті» әдісі тақтаға жану сөзі себет ішіне жазылады. Оқушылар жану туралы білетін сөздерін стикерлерге жазып, тақтаға ілді. «Постер қорғау» әдісі арқылы оқушыларды топпен бірге жұмыс істетіп, ұсынылған заттарды жану қабілетіне байланысты жанғыш, жанбайтын деп 2 топқа бөліп, (шырпы, этил спирті, мыс сымы, мәрмәр, антистатикалық сұйықтық, картон) оқушылармен жек жұмыс жасады. «Біз біргеміз» әнімен оқушыларды сергітіп, топқа тәжірибелік жұмыс жасаа, «Чипсы» әдісі арқылы сабақты бекітіп, мадақтау арқылы әр тапсырманы орындаған оқушыларды бағалап отырды.