№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ" қайырымдылық іс-шарасы
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса
алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп
қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі
уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер,
қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан
жылулық сезімін күтетін ерекше балаларға қолдау көрсету мақсатында
Түркістан облысы, Шардара қаласы, №12жалпы орта мектебінің ұлағатты
ұстаздарының қолдауымен, педагог-психолог Б.Өрісбаева мен
ұйымдастырушы-педагог М.Садыканованың ұйымдастыруымен «Жүректен
жүрекке» атты іс-шара ұйымдастырылды. Қайырымдылық іс-шараға
ауданымыздан қонақтар келіп қатысты. Аудандық мүгедектер
қауымдастығының төрағасы Ерназаров Қуаныш мырза, Аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас маманы
Есбосынова Бибіажар Әлметқызы.
Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы әрі директоры
Лаханов Сабит мырза.
Мектебіміздің ата аналар комитетінің төрайымы Әбдиева Қырмызай
Қойшыбайқызы.
Мектебіміздің үйден білім алатын ерекше күтімді қажет ететін оқушылары
аналарымен іс-шара төрінен көрінді.
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылытып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
Ерекше балалардың ерекше еркелігіне сабырлық танытып жүрген
аналарды мектеп директоры Тулепов Данияр Рысбайұлы алғыс хатпен
марапаттап, балаларға сыйлық тарту етті.
Іс-шара соңында ерекше балдарға тәтті таратылып, "Армандар
орындалады" деген мақсатта әуе шарын көкке ұшырды. Ата-аналар
комитетінің төрайымы өз атынан балапанғаға арнап сый сияпатын
ұсынды. Мәз мейрам болған балаларды "Теңіз терапиясы" әрекетімен
теңізге кемемен серуенге апарды.
Жүректен жүрекке жеткен кереметтей іс-шараға ата-аналар
ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.