21.12.22ж «Тыныс алу және тыныс шығару механизімі. Кеуде құрылысының құрылысы. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын бұлшықеттер. Тыныс алу және тыныс шығарудағы көкеттің маңызы. Ауа жүретін жолдардағы қысымның өзгеруі» тақырыбында биология пәнінің мұғалімі Ф. Оспанова 8 б сыныбына ашық сабақ өтті. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» әдісін пайдаланып, оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айту арқылы бір-біріне жүрек беріп, бір - бірлеріне жақсы тілектер айтып, оқушылардың көңілін көтеріп «Әлеуметтік желілер» арқылы 1 - топ TikTok, 2 - топ Instagram деп оқушыларды екі топқа бөлді. «Квест» әдісі оқушыларға жалпылама сұрақтар беріліп, әр оқушы өз жауабымен бөлісіп, бір - бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасып, үй тапсырмасын пысықтап алды. «Айырмашылығы неде?» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында, мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтып жаңа сабақтың мақсатын ашты.
«Бейнежазба» интербелсенді тақтадан «Тыныс алу және тыныс шығару механизмі» тыныс алу және тыныс шығару механизмін сипаттап, әр оқушы өз ойымен бөлісіп, бір - бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындап шықты. Тақырып бойынша топтық жұмыс орындатып, оқушыларға жалпылама талдау тапсырмасы беріліп, әр оқушы өз ойымен бөлісті. «Көршіңмен сырлас» әдісі арқылы жұптық жұмыс орындатып, тыныс алу механизімін зерделеді. «Мүшелердің күйі мен тыныс алу және тыныс шығару өзгерісі» кестесіне толтырып оқушылар жеке жұмыс орындап шықты. "Ыстық картоп" әдісімен ұжымдық жұмыс жасап, сөйлемді толықтырып, оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасады. Мұғалім оқушыларды «Лайк жинау» әдісі арқылы бағалап, сабақ барысын қорытындылады.