13.12.22ж «Тәуелсіз елдің ұланы» тақырыбында 6а, в сыныптар арасында тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай желтоқсан құрбандарын еске алу өнеге сағаты А. Жорабекова, Ж. Сланбекова, К. Бурибекова, Г. Абубакированың жетекшілігімен өтілді. Ондағы мақсатымыз: оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен , қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту. Иә, желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі, сөз жоқ, желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жапырып, өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі 1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы, бақыттың басы еді. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаммеджанова, Е.Спатаевтарды еске алып, оларға тағзым ету парызымыз. Оқушылар осы аға - апаларын еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. Олардың көрсеткен ерлігі туралы сөз етті. Сондай - ақ оқушыларымыз тарихқа көз жүгіртіп, қолымызда Тәуелсіздігіміздің көк туы, елтаңбамыз, төл теңгеміз, дініміз, халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыздың бар екендігін, бұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп, мың өліп, мың тірілген, қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты - Тәуелсіздік екенін бүгінгі тәрбие сағатта әңгіме етті.