Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А У!!!
Түркістан облысының Білім басқармасының Шардара ауданының Білім
бөлімінің 03.10.2023ж №229/01/-02-17/2791 хатына сәйкес 14.11.2023ж
Шардара аудандық мәдениет сарайында, 15 қараша-Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасы-Теңгенің 30 жылдығына арналған
«Төл теңгенің тарихы» атты аудандық жас суретшілер байқауында жоғары
деңгейде өнер көрсеткені үшін, мектебіміздің 10«Ә» сынып оқушысы
Сайлау Жалғас оқушымыз III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Абилханова Улдана.
Байқаудың мақсаты:
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныса
отырып, талантты өркендердің шығармашылық қабілетін дамытып,
талабын шыңдау, дарынды балаларды анықтау және кәсіби бағыт-бағдар
беру, туған жеріне Отанына деген махаббатын арттыру, патриоттық
сезімдерін ояту, азаттықтың, еркіндіктің қасиетін насихаттау.
Жас суретшімізге алдағы уақытта өтілетін байқаулардан жүлделі
орындармен, жетістікке жетіп келуіне сенімдіміз!
Марапат құтты болсын!
ҚББП: Есіркепова А
Үйірме жетекшісі: Абилханова Улдана