9 - шы желтоқсан күні 5б сыныбында «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі А. Құлмаханова ашық сабақ өтті. Ұйымдастыруда оқушылардың назарын сабаққа шоғырландырып, оқушыларды суреттер арқылы 1-топ Парадарая, 2-топ Тиграхауда, 3-топ Хаумварга үш топқа бөлді.
Үй тапсырмасын: «Ыстық картоп» әдісі арқылы пысықтап, оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді. «Болжау» стратегиясы Суреттегі әйел адаммен шеңбердегі тарихшылардың бір-біріне қандай қатысы бар екендіктерін және бүгінгі тақырыптың қандай болатынын болжады.