02.12.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың көркем әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машқтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында «20минут кітап оқы, 3 минут эссе жаз» тақырыбында көркем әдебиет оқып эссе жазды. 5 сынып оқушылары қатысып, Батырлар жырын, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек» дастандарын оқып, шығармалардан эссе жазды.
Қайран, қазақтың дара болмысы Алаштың небір мықтыларымен дараланып, жоталанып тұрған екен - ау! «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асыл кітабым бар: бірі «Манас», бірі «Мұхтар Әуезов» деген екен қырғыз жазушысы Ш.Айтматов.
Қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейде танылуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы жазушы, қалың қазаққа Абайды танытқан талантты жазушы Мұхтар Әуезовтің биыл 125 жылдығы. Аталған мерейтойлық шара еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтілуде. Мұхтар Әуезовтің өмір жолын дәріптеп, оқушыларға ұлылардың ғұмырынан үлгі алуға, олардың шығармашылығық танымдарын толықтыру мақсатында «Дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мүшелері әдеби кеш өткізді. Биыл заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңына айналған Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды. Осыған орай жазушының артында қалған ұлан - ғайыр мұрасын зерделеп, шығармаларын насихаттау, төл әдебиетіміздің бағалы қазынасы. Оның Абай туралы жазған эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің және әлем әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді. М. Әуезовтің халық даналығынан нәр алған, өмір өзенінің тұнығынан суарылған тағылымы мол, тартымды шығармалары қайталап оқыған сайын рухани дүниемізді байытып, баға жетпес жан азығы бола бермек.
Жазушының өмір жолына шағын шолу жасап, оның түрлі әңгімелерінен сахналық қойылымдар қойылды. Оқушылар мен мұғалімдер «Бала Мұхтардың Абаймен кездесуі» қойылымын, «Қарагөз», «Жетім» әңгімелерін соншалықты шынайылықпен сахналады. Ұстаздар қауымы Абай әндерін нақышына келтіре орындаса, оқушылар дөңгелене би билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл - күй сыйлап, дайын театр актерлерін көргендей болдық. Шынайы, әсерлі болғаны сонша – көзімізге жас алғанымыз да жасырын емес.