1 қыркүйек білім күні «Сыңырла күміс қоңырау!» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны атап өтілді. Жыл бойғы атқарылатын іс шараларға жоспар құрылып, бекітілді. Қазан айында балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жоғары сынып ұлдар арасында мектеп директоры Д.Тулепов, мектеп инспекторы Ш.Темирхановтың қатысумен жиналыс өткізілді. Жиналыста оқушыларды мектептің ішкі тәртібімен, өмір қауіпсіздігімен, жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары мен ата- аналары арасында Пфайзер вакцинасының пайдасы туралы түсіндірме жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандық СЭС қызметкерлері Қ.Жексенбаева «Бұл ретте халықпен жұмыстың ұйымдастырылуына, оның ішінде азаматтарды, кәмелетке толмағандардың ата- аналарын ақпараттандырды. Егілуге жататын халықтың короновирусқа қарсы вакцинациялауға дайындығын бағалауды, әрбір егу бригадасының талапқа сай жасақталуын, вакцинаны тоңазытқыш жабдықтарында сақтау және тасымалдау қағидаларының сақталуын, екпелермен жұмыс, егу техникасы, егуге рұқсатты дұрыс анықтау, вакцина салынған соң иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса, ата аналарға баланың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп үйірмелеріне, спорт мектептеріне қатыстырып, оқушының жан жақты дамуына үлес қосуға атсалысуына шақырылды. Сонымен қатар, сынып жетекшілер арасында жиын өткізіліп, оқушылардың өмір қауіпсіздігі, сабаққа деген ынтасын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыс жоспарлары бойынша іс- шаралар атқарылуы керектігі айтылды. Жоғары сынып қыздары арасында «Қыз баласының қазақ отбасындағы тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде видеороликтер көрсетіліп, қыздардың ой пікірлерін ортаға салынды. Тоқсан бойы сабаққа себепсіз қатыспаған оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Олардың үйлеріне барып, ата аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп түсініктеме алынды. Қазіргі таңда сабаққа себепсіз келмей жүрген оқушы жоқ. Тоқсан бойы аптасына бір рет жоғары сынып оқушыларына жиын өткізіліп, сабаққа себепсіз келмеген оқушыларды, сонымен қатар, кешіккен оқушыларды ортаға салып, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сол аптада сабаққа түгел қатысқан сыныпқа, сынып жетекшілермен оқушылары марапатталып, оларға ауыспалы ту беріліп отырылды.
Барлық сыныптарда жиын өткізіліп, оқушылардың өмір қауіпсіздігі, сабаққа деген ынтасын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыс жоспарлары бойынша іс- шаралар атқарылуы керектігі айтылды. Жоғары сынып қыздары арасында «Қыз баласының қазақ отбасындағы тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде видеороликтер көрсетіліп, қыздардың ой пікірлерін ортаға салынды. Тоқсан бойы сабаққа себепсіз қатыспаған оқушылармен жұмыстар жүргізілді. Олардың үйлеріне барып, ата аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп түсініктеме алынды. Қазіргі таңда сабаққа себепсіз келмей жүрген оқушы жоқ. Тоқсан бойы аптасына бір рет жоғары сынып оқушыларына жиын өткізіліп, сабаққа себепсіз келмеген оқушыларды, сонымен қатар, кешіккен оқушыларды ортаға салып, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сол аптада сабаққа түгел қатысқан сыныпқа, сынып жетекшілермен оқушылары марапатталып, оларға ауыспалы ту беріліп отырылды.
Барлық сыныптарда «Сенің құқығың, сенің міндетің» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға құқық негіздері мен «Бала құқықтары туралы Конвенияның» тармақтары түсіндірілді. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары арасында аудандық мешіттің наиб имамы А.Данияровпен кездесу өткізіліп, оқуышарды имандылыққа тәрбиелілікке, діни жат ағымдардың жетегіне ермеу керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүрАудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің хатына сәйкес «Бала өмірінің қауіпсіздігі» тақырыбында 25.10.2021-30.10.2021ж күндері аралығында мектепішілік жоспар құрылып, бектіліді. Мектептің барлық сыныптар аралығында сынып сағаты өткізілді. 10-11 сыныптар арасында «Қауіпсіз мектеп», «Қауіпсіз көше», «Қауіпсіз жол» тақырыптарында эссе жазылды. 9 сыныптар арасында «Өмір, техника, жол қауіпсіздігі туралы мен не білемін?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылардың жол ережесі туралы, адам өмір қауіпсіздігі бойынша түсініктері дамып, білімдері артты.
8-сыныптар арасында «Өмір қауіпсіздігін сақтау өзімізден басталады» тақырыбында сахналық көріністер іс шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар жолда жүру ережесі туралы, дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелері туралы, сонымен қатар өрттен, судан сақтану туралы сахналық көріністер көрсетіліп оқушылардың өмір қауіпсіздігі жайында білімдері артып, сахна мәдениетін образға кіріп орындау мәдениеттері артты. 5-6 сыныптар арасында «Қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, суреттер мектеп дәлізіне ілінді. гізілді. Жоғары сынып оқушылары арасынан құрылған «өзін өзі басқару жүйесін дамыту негізінде көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында көптеген іс шаралар атқарылды. Өзін өзі басқару ұйымының президенті А.Тұрсынбай, әр фракция мүшелері Т.Айтуова, Н.Молдахмет, А.Сахованың ұйымдастыруымен өздеріне тапсырылған дөңгелек үстел, дебат, диспут, кездесулер өткізді.
Жасөпірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» мақсатында ұлдар жиналысы өткізілді. Сонымен қатар, ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Ауғанстан жүректегі жара» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өткізілді. Жылдағы дәстүр бойынша мектебімізде «Тұлпар мініп ту алған» тақырыбында мектепішілік фестиваль өткізілді. Бағдарламаны аудандық саз мектебінің ұйымдастырушы алқасы жоғары дәрежеде өткізілгенін айтып, 8 сынып оқушысы Қайырбекова Аружан мен 7 сынып оқушыларының «Батырлар биі» аудандық галла концертте өнер көрсететіндігі белгіленді.
Наурыз айы басынан бастап мерекелік іс шаралар екендігі белгілі. Атап айтар болсақ, №12 жалпы орта мектебінде ақпан айының 11.02- 01.03.2022ж. күндері аралығында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 10.02.2022ж. №229-01/02-17/199 хатына сәйкес алғыс айту күніне орай біршама іс- шаралар атқарылды. «Жан жылыуы» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогтары З.Байназарова мен Р.Абдиманапов қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мектебіміздің 2 «ә» сынып оқушысы Пазылбек Іңкәрдің ем алып, ота жасалуына байланысты қайрымдылық қорына 103000 тг жиналып, әкесіне тапсырылды. 5-6 сынып жетекшілері К.Борибекованың ұйымдастыруымен оқушылар аралығында «Көріскеннің көзі жылы, ықыласы ыстық» атты жас ақындар мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, А. Асылбекова «Бас жүлдеге» ие болды. Оқушылар қызығушылығы артып, әрқайсысы шабыттана оқып үлкен жетістіктерге жетті. Осы он күндік іс- шарасында 10 сынып жетекшісі Г.Кенжееваның ұйымдастыруымен «Бір Отан-бір отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, ауданымыздың беделді кәсіпкері Е.Момбекова, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Т.Сартаев, Аудандық су шаруашылығы басшысы Е.Иса, аудандық аурухананың медбикесі Ж.Акбердиева, М.Әуезов жалпы орта мектебінің психолог маманы Л.Смайл мен кездесу өткізілді. Кездесуде қонақтар өз кәсібінің қызығы мен қиыншылығы туралы әңгіме айтты. Оқушылардың сұрақтарына тұжырымды жауаптар беріп, әр қайсысы өз кәсібінің майталманы ретінде сол маман иесі болуға шақырды. Сонымен қатар, 8 сынып оқушылары денсаулығына байланысты үйде оқылатын сыныптастары Ж.Батырбектің үйіне барып, жан жылуымен сусындатып, сыныптастарының көңіл күйін көтеріп қайтты. 9 сынып оқушылары ұлағатты ұстаз, зейнеткер З.Искендированың үйіне барып, аула тазалап, үй шаруасына көмектесіп ұстаздарының қуанышына бөленіп қайтты.7 сынып оқушылары «Мен алғыс айтамын», «Халқыма ризамын» тақырыптарында ата аналарымен, ұстаздарымен түскен сурет көрмесін, өз қолдарымен салған суреттерін салып мектеп файесіне ілді. Барлық сыныптарда онкүндік бойы «Ризашылық марафоны» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, челленж ретінде сыныптан сыныпқа беріліп, онкүндік қорытынды жиналысы өткізілді. 1 наурыз күні мектебіміздің өзін- өзі басқару ұйымы ұстаздарға арнап мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Барлық атқарылған іс -шаралар мектептің фейсбук парақшасына үзбей жарияланды.
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай жоспар құрылып, бекітілді. Бастауыш және орта буын оқушылары арасында халықаралық әйелдер күніне орай «Асыл ана, ардақтаймын мен сені!», «Аналар асыл жандар!» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Жоғары сынып оқушылары арасында «Қайтан біздің аналар арды ойлаған!» тақырыбында арнайы мамандармен қыздар арасында кездесу ұйымдастырылды. « Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында шығармашылық байқау өткізіліп, аудандық кезеңде 8сынып оқушысы А.Қайырбекова ІІ орынға ие болды. 7-8 сынып оқушылары ұстаздарына, ана әжелеріне арнап қабырға газеттерін шығарып мектеп дәліздеріне ілді. Барлық атқарылған іс шаралар мектептің фейсбук парақшаларына жарияланды.
Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің хатына орай жоспар құрылып, бекітілді. Іс шаралар «Көрісу күні», «Төрлет, қазыналы барыс жылы» тақырыбында мектеп кітапханашылары А.Абдимауленова мен А.Асанованың ұйымдастыруымен кітап көрмесі қойылды. «Салт дәстүрім сарқылмайтын қазынам» атты этнографиялық көрме үйірме жетекшілері Ы.Досанова мен Ұ.Абілханованың ұйымдастыруымен өткізілді. Тарихқа тағзым күні «Әз наурыз жаңалықтың жаршысы» атты тарихи танымдық кешті мектептің тарих пәні мұғалімдері Г.Абубакирова мен А.Құлмаханова ұйымдастырды. Сонымен қатар, Сынып жетекшілер Н.Джултаева мен Г.Мырзабаеваның ұйымдастыруымен «Наурызым дәстүрлі ізгілігім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Осы мереке қарсаңында мектебімізде қазақ тілі пәні мұғалімі К.Борибекованың ұйымдастыруымен «Пай пай шіркін қазақтың келіндері ай!» атты келіндер сайысы ұйымдастырылды. Сайыс өте қызықты тартысты өтті. Мектебіміздің жас келіндері өздерінің инабатты, ибалы сонымен қатар, сан қырлы екендіктерін дәлелдеді. Атқарылған іс шаралармен ІІІ тоқсан аяқталып, сынып жетекшілер ата- аналар жиналысын жасап, көктемгі демалысқа ата- аналардың тіл хаттарын алып, оқушыларды демалысқа шығарып салды. ІV тоқсан бойынша атқарылған іс шаралар 1мамыр халықтар достығы күні өз дәрежесінде аталып өтілді. Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар белсенді қатысты. 7-9 мамыр мерекелері жоғары деңгейде өткізілді. 25 мамыр күні «Сәт сапар саған, жас түлек!» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты іс шарасы аталып өтті. Салтанатты жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінен, ардагер ұстаздар қонаққа келіп, түлектерге жақсы ізгі тілектерін білдірді. Салтанатты жиын түлектердің мерекелік бағдарламасымен жалғасты.Соңғы қоңырау соғылып түлектер қимастықпен қоштасты.