№12 жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Сланбекованың 2022-2023 оқу жылына арналған І жарты жылдықтың жұмыс жоспары бойынша атқарылған жұмыстардың есебі
ҚЫРКҮЙЕК
Балалар жылына орай «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Шараны мектебіміздің директоры Д. Р. Тулепов ашып беріп, ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Мемлекеттік әнұранмен басталған жиында ардагер ұстаз М. Момынов, адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Қ. Жаутикова, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы А. Данияров, ата-аналар кеңесінің төрайымы Қ. Абдиева мерекелік іс - шараға қатысып, мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Білім күнінің мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл - күй, оң көзқарасын қалыптастыру. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз өздерінің өлең жолдарын арнап, соңғы әуелеген әнмен өріліп, мың бұралған биге ұласты. Барлық сынып жетекшілер біріңғай сынып сағаты аясында оқушыларға адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударды. Сондай-ақ балалар жазғы демалыстан алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа оқу жылынан не күтетіні жайлы ортаға салды.
Жаңа оқу жылында жұмысқа мүмкіндігінше жоғары білімді, білікті маманды қабылдау (іріктеп, тест арқылы) жұмысы жоспарланды. (керек жағдайда)
Қыркүйек айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Батырмбетова және мектеп инспекторымен «Жолда жүру ережесі» бойынша слайд арқылы жолдағы қауіпсіздіктер туралы түсініктеме жұмыстарын жұргізді. Мектеп жасындағы балалардың жол қауіпсіздігінің алдын алу, көшеде заңға бағынушылық тәртібін қалыптастыру мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс - шара онкүндігі жоспарланып сынып сағаттары, тренинг, сайыс, алғашқы медициналық жәрдем көрсету сағаты ұйымдастырылды. 1-5 сынып оқушыларына, ата - аналарға жол - көлік оқиғасының алдын алу, сақтық шаралары туралы жиналысы ұйымдастырылды. Жыл бойы жоспарға сәйкес ауқымды шаралар жоспары жасақталды. Оқушылардың мектепке келіп-кетуіне ата - ана жауапкершілігін күшейту әр сынып жетекшілеріне жауапкершілік міндеттелді. Алыстан қатынап оқитын оқушылардан қол хат алынды.