№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы N12 жалпы орта мектебінде «Оқушының мамандық таңдаудағы ата – ананың рөлі» тақырыбында мектепте 2022жылдың 22-желтоқсан күні ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты; 1.Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.

2.Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.

Жиналыс барысы;Кәсіби бағдар беруші педагогтің жұмысының бағыттарымен таныстыру.

Жиналысқа 9-10-11 сыныптың ата-аналары қатысты.Ата-аналарға жадынама тарқатылып,сауалнама алынды.

Мамандық таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.Себебі,адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.Адам асқақ арманға,биік мақсатқа ұмтылады.Осы кезде Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та,бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз?Әр мамандық өзінше тартымды,өзінше ерекше,қажетті болып саналады.Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып,балаларды дұрыс бағыттап,тура жолға салып жіберсе,нұр үстіне нұр болар еді.

Мамандық таңдау-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекет түрі,тіршілік көзі,дағды жүйесі және жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі.