Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №12 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Балалар жылына арналған аттестат табыстау салтанатты жиыны болып өтті. Мектебіміздің 2021-2022 оқу жылында 26 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қақты. Мектеп директоры Д. Р. Тулепов түлектерді құттықтап, аттестаттарын табыстады. Ата-аналар да бітіруші түлектерге ізгі тілектерін білдірді. Сонымен мектебіміздің табалдырығын аттап, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып, балалық шақтан болашаққа үлкен өмірге 26 түлек жолдама алды. Оның ішінде «Алтын белгі», екі оқушы үздік аттестат иегері атанды. Ақ жол, сәт сапар сіздерге, біздің түлектер!