Мұғалім мамандығы даналық пен жан жастығын, шығармашылық пен зор энергияны, мейірімділік пен қаталдықты біріктіреді! Сіздің еңбегіңізді бағалау өте қиын, ол бағасы жоқ теңдесіз дүние! Сіз өзіңіздің жұмысыңызға көп күш жұмсайтыныңыз соншалық, кейде өзіңіздің жақын адамдарыңызбен өткізуге болатын құнды уақытыңызды жіберіп аласыз. Осы мерекені отбасыңызбен өткізуге тілектеспіз. Махаббат, шыдамдылық, бақыт және сәттілік тілейміз" - деп ізгі тілек тілей отырып Түркістан облысы, Шардара қаласы №12 жалпы орта мектебінің бітіруші түлектері "Ұстазым - саған мың алғыс" атты концерттік іс-шара өткізді. Ұстаздар қауымының ешкіммен бөліспес төл мерекелерін ескеріп, таңертең ерекше қошеметпен барша мұғалімдерге шат - шадыман көңіл күй сыйлап алғысқа бөленді. Керемет көңіл күймен ән - шашу арнап, би билеп, күй тартылды. Концерттік бағдарламада ұлағатты ұстаздарымыздың Республикалық, облыстық, аудандық марапаттары табысталды. Іс-шара өз дәрежесінде өткізілді.