№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

“Сәт сапар саған, Жас түлек”

Соңғы қоңырау салтанатты жиыны

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты N12 жалпы білім беретін мектепте 2023-2024 оқу жылының аяқталуы, 25 мамыр соңғы қоңырау мерекесіне орай, "Мектебім,саған мың алғыс!" атты салтанатты жиын мектеп-ауласында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға Қ.Р. Мемлекеттік туы кіргізіліп болғаннан кейін, шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды.

Іс-шара барысында мектеп-директорының м.у.а Ж. Сланбекова оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге,

еліміздің болашағы — сіздердің қолдарыңызда, сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызды тілеймін. — деп, өз сөзін қорытындылады.

Жиын барысында 2004 жылы бітірген 20 жылдық түлектер алғашқы ұстаздары Алтынбекова Патима апаймен іс-шарамыздың қонағы болып, барша мектеп ұжымына, ұстаздарына, алғыстарын білдірді.

Ал, 11 сыныпты бітіруші түлектер ұстаздарына жүрек жарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдап, қоштасу вальсін биледі.

Мерекелік іс-шара соңында 20 жылдық түлектер мен бітіруші түлектерміз өз ізбасарларына сәттілік тіледі. Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, талай шәкіртке адал ұстаз бола білген Т. Абубакирова апайымызды мерейлі жасымен құттықтап “Алғыс” хатымен марапатталды.

Жамила Сланбекова

Шардара Ауданының Білім Бөлімі

Гаухар Шамеева

Нышанкул Усенова

#соңғы_қоңырау_2024