2022 жылдың 5-15 қыркүйек аралығында тілдер мерекесіне орай, «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі», «А.Байтұрсынұлы және Тіл-рухани жаңғыру тірегі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен керемет онкүндік декаде өткізілді.
Онкүндік аясында белгіленген кестеге сәйкес, барлық іс-шаралар өз дәрежесінде өткілді. Сөзіміздің дәлелі ретінде тоқталатын болсақ, бірінші күннен-ақ апталықтың ашылу салтанатын өткіздік. Шараны жүргізушілер үш тілде жүргізіп, оқушыларымыз жыр шумақтарымен шашу шашты. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов жайлы керемет естеліктер оқылып, тіл жанашырының игі істері ұмытылмай, мәңгі жасай беретінін тілге тиек етті.
Екінші күні «Ұлт кеңістігіндегі Ахмет және ұлт бейнесі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Сайфуддинова, орыс тілі пәнінің мұғалімі Н.Жултаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Мәуленовалар 5-11 сыныптар арасында эссе байқауын өткізді.
Ал келесі күні 5-11 сыныптар арасында «Ұлттың рухани көсемі» атты тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы М.Зулбухарова, сонымен қатар Л.Изеева «Қазақ әліппесі білімпаз ұрпақ үшін мирас» тақырыбында 6-8 сынып оқушылары арасында жас ақындар байқауын өткізді. Тұла бойы тұнып тұрған болашақ ақындар, жаңа таланттар бар екеніне көзіміз жетіп, қуанып қалдық.
Ал, «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Сланбекова 11- сыныптармен дөңгелек үстел өтті. Шара қызықты әрі тартысты болды. Көрермендер ұйымдастырушы апайымызға алғысын жаудырды.
Орыс тілі пінінің мұғалімдері шарадан тыс қалмады. «Книжное царство- мудрое государство» атты тақырыпта пән мұғалімдері Т.Абубакирова мен Г.Әлиевалар өте әсерлі әдеби кеш өтті. Оқушыларымыз әсем әннен шашу шашып, мың бұралы биледі. Кітаптың қаншалықты құнды екенін қойылым арқылы балаларымызға ұқтырып, есте қалар кеш өткізді.
Онкүндік өз дәрежесінде аталып өтілді. Жабылу салтанатында дайындалған арнайы нөмірлер көрсетіліп, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Жаксанованың ұйымдастырған «Бауырсақ» ертігісі мен «Кукла Барби» биі барлық көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шараға белсенді қатысқан оқушылар арнайы «Алғыс хат», Дипломдармен марапатталды.