Наурыз мерекесінің 10 күндік іс-шарасын ұйымдастыру бойынша 12.03.2024 ж. № 465 санды іс-шара жоспары бекітіліп білім беру мекемелеріне таратылды. Жоспарға сәйкес №12 жалпы білім беретін мектебінде келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
14 наурыз «Көрісу» күні шарасы өтті, атап айтқанда 1 - 11 сынып оқушыларының, ата-аналардың қатысуымен сынып сағаттар, ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Іс шараға қатысқан оқушылар саны 300-ге жуық.
Аналар 15-ге жуық.
15 наурыз «Қайырымдылық » күні шеңіберінде №12 жалпы білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Усенованың ұйымдастыруымен мектебіміздің әлеуметтік педагогтарының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті. Мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Данияров өз жүрек жарды сөзін жолдады. Жалпы акцияның мақсаты: қоғамда мейірімділікті өзара риясыз көмек жасауды ортықтыру. Акция аясында аз қамтылған әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы оқушыларына көмек көрсетілді. Бұл шараға жалпы 150-ге жуық оқушы қатысты.
16 наурыз «Салт-дәстүрдің жаңғыруы» күні 8-11 сынып оқушылырының қатысуымен сахналандырылған қойылымдар, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрлерді танып білуі бойынша көріністер қойылып, байқаулар өткізілді. Бұл шараға мектептен 200-ге жуық оқушылар қатысты.
17 наурыз «Наурыз- тәрбиенің бастауы» күні мектептің акт залында өзін-өзі басқару ұйымымен және 11- сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Мектепте өткен мерекелік концерттік бағдарламаға жалпы 80-ге жуық оқушы, ата-аналар 10 қатысты.
18 наурыз «Ұлтық киім» орай сыныптарда сынып сағатты өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін ояту. Эстетикалық тәрбие беру. 11 сынып оқушылары 18 наурыз «Ұлтық киім» күніне орай челлендж ұйымдастырылып, №12 жалпы білім беретін мектебіне жолданды. 400-ге жуық оқушылар қатысты. Мұғалімдер 80-ге жуық.
19 наурыз «Тазару» №12 жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мерекесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі он күндік іс-шара жоспары құрылып, бекітіліп жоспар бойынша көктем мезгілінің бастауы- Наурыз айында білім ордасын қоқыстан, қураған шөптерден тазарту, талдарды әктеу, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында, мектебіміздің мұғалімдері мен қызметкерлері белсене қатысты. 19.03.2024 жылы «Жаңару» күні, жалпы 9-сынып оқушылары арасында ағаш егу ұйымдастырылды. Әкелер мектебінің қатысуымен 10-қа жуық, оқушылар,мектеп ұжымы қатысты.
Көктем мезгілінің бастауы - Наурыз айы тек күн мен түн теңесіп, тіршілік атаулыға жан бітетін күн емес, бұл бірлік пен еңбектің, мейірімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі. Мектебіміздің кіші қызметкерлері өз алғыстарын білдірсе, сынып жетекшілері мен оқушыларға ақ батасын беріп, алғысын білдірді.
20 наурыз «Ұлттық спорты ұлықтау» күні аталып өтті.
Мақсаты: Ұлттық спорт мәдениетін қалыптастыру, ұлттық спорт ойындарын дәріптеп, ұлықтау.
Ұлттық спортты ұлықтау-тарихымызды ұмытпау. Іс-шара барысында «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес асық», ұлттық спорттық ойындары ұйымдастырылды. 22 оқушы қатысты. Дене шынықтыру ұстаздарының ұйымдастырумен 3 мұғалім қатысты.
21 наурыз «Ынтымақ күні» - «Ынтымақ түбі-береке» №12 жалпы білім беретін мектебінде Наурыз мерекесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі он күндік іс-шара жоспары құрылып, бекітіліп жоспар бойынша 21.03.2024 жылы «Ынтымақ! Күні, 9 сынып оқушылары Ынтымақ күніне мақал-мәтелдер айтып өтті және өзге сыныптастарын ынтымаққа, жағымды қарым қатынасқа, татулыққа, ауызбіршілікке, достыққа шақырды.
22 наурыз «Жыл басы» «Қош келдің әз Наурыз!»
Наурыз барша қазақтардың ортақ той думаны. Наурыз-достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз-табиғат Ана көрпеге орайтын көктем айы. Сұлулық тазалық пен татулық сыйлаған Наурыз мейрамы №12 білім беретін мектебінде аталып өтілді. 25-ге жуық оқушылар, 25-ке жуық мұғалім, 10-ға жуық ата-ана қатысты.
Дайындаған: ДТІЖО Н.Усенов