Түркістан облысы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №12 жалпы орта мектебінде үйірме жетекшілердің ұйымдастыруымен «Алтын күз-күздің көркі» атты тақырыпта Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жақсы мерекелік көңіл – күй сыйлап, оқушылармен бірге керемет етіп, мерекелік іс-шара өткізді. Алтын күз туған табиғаттың тамаша бір көрінісі. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Күздің көркі ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.
Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
#2022_жылБалаларжылыаясында
#Ұстазмектептіңжүрегі _
#Ұстаздаркүні
#№12_жалпыортамектеп