№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12 жалпы білім беретін мектебінде 1 Қыркүйек “Білім күні” қарсаңында  “Мектебім - мейірім мекені” атты алғашқы қоңырауға арналған салтанатты  жиын өткізілді. 

Салтанатты жиынға мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Мұсабеков Дүйсенбек мырза және ұлағатты зейнеткер ұстазымыз Искандерова Зағира апай, ата-аналар комитетінің төрайымы Абдиева Қырмызай ханым қонақ болып қатысты. 

Жиын мектеп директоры Жунускулова Роза Әлімбекқызының құттықтау сөзімен ашылды. 

Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетті.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1-ші сынып бүлдіршіні Тоқтар Құмарбек пен бітіруші түлектер, мектеп белсенділері Абдурахман Жасұлан мен Орынбасар Нұргүлге табыстылды.