Бастауыш сынып әдіс бірлестігі отырысы.
2025 жылдың 26 тамызында Түркістан облысы, Шардара қаласы №12 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып әдіс бірлестігінің отырысы өткізілді.
ӘБ отырысы барысында бірқатар өзекті мәселелер қарастырылды. Биылғы оқу жылындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктер талқыланды. Атап айтқанда:
4 - сыныптарда жаратылыстану пәнінің бір сағатқа қысқарғаны, көркем еңбек пәні бейнелеу өнері және еңбекке баулу болып екі пән ретінде бөлінгені.
- 2025 - 2026 оқу жылында бастауыш сыныптарда оқытудың ерекшеліктері;
- сабақтарында заманауи әдістерді қолдану, соның ішінде ЖИ-іті сабақтарды түрлендірудеггі тиімділігі;
- оқу сауаттылығын арттырудағы мазмұндау мен әңгімелеу әдістерінің ықпалы;
- Сабақтарда жасанды интеллект пен онлайн-платформаларды пайдалану тәжірибесі;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының рөлі айтылды.
ӘБ отырысы педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, жаңа әдістемелерді меңгеруіне және оқу үдерісінде заманауи тәсілдерді тиімді енгізуге бағытталды.
Бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі: Бохаева Алия Курмантаевна