Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №12 жалпы орта мектебінің бастауыш сыныптар арасында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін ұштау, өзара тәжірибе алмасу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2022-2023 оқу жылының І-жарты жылдығында өтілетін ашық сабақтар, сайыс сабақтарының жоспары түзіліп, мектеп директорымен бекітілді. Жоспарға сәйкес 2022 жылдың 25-қараша күні 4 «Ә,Б» сыныптар арасында пән мұғалімі Есиркепова Ақтолқын Азретовна «Қызықты математика» пәнінен «Озық ойлы тапқырлар!» атты сайыс сабақ өтті. Сайыс сабағына №7 Шардара бастауыш мектептің меңгерушісі Қаңлыбай Раушан Қаңлыбайқызы енді.
Сайыс сабақтың мақсаты: математикалық білім қабілеттерін, алған білімдерін пысықтау. Өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар шешу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сыныптар «Қыран» және «Тұлпар» деген топ аттарымен сайысқа түсті.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
І. Таныстыру, сәлемдесу
ІІ. Капитандар сайысы (Сұрақ-жауап)
ІІІ. «Кім жылдам?» (Жұмбақ есеп)
ІҮ. «Бәйге» ( Құстар тапсырмасы)
Ү. «Ойнайық та, ойлайық» (Сөзжұмбақ шешу)
ҮІ. «Ой гимнастикасы» (Логикалық есептер)
ҮІІ. «Ұшқыр ой» (Егерде мен.....)
Оқушылар сайысқа белсене, қызыға қатысты. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Озық ойлы тапқырлар!» яғни, 1- ші орынға ие болды. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.