14.09.22ж «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» тақырыбында тілдер мерекесінің онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Сланбекованың ұйымдастыруымен 10 - 11 сыныптар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқушылардың тілге деген патриоттық сезімін ояту мақсатында «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойын ашық айтып, егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік екенін жеткізе білді. Тіл тағдыры туралы көкейді жүрген көп ойлармен бөлісті. Оқушылар өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынды. Оқушылар белсене қатысып, өздерінің ойларын ортаға салып, атақты ақындардың және өздерінің тіл туралы жазған өлеңдерін оқып, тіл байлықтарының кең екенін көрсете білді.
"Тіл тағдыры – ел тағдыры” сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиістігін, туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы екенін сезінді.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор екенін оқушылар сезінді.
Іс - шараның соңын оқушылар ұстазымен бірге Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындылады.
Бірлестік жетекшісі К. Бурибекова мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қатысып, белсенділік танытқан оқушыларға рақметін айтып, іс-шараның жоғары деңгейде өтілгендігі жайлы ризашылығын білдіріп, оқушылар мен ұстазына жаңа оқу жылында шығармашылық толағай табыстар тіледі.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы ТО және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілігі 09.09.2022жылғы №15-7-27-10-241 санды шығыс хатына, ШААӘДБ - нің 09.09.2022ж №06/10-4/281 санды хатына сәйкес, 12.09-23.09.2022 ж аралығында күндізгі форматта өтетін жоспарланған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру бюджеттік курсының күндізгі форматына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С. Базарбаева жіберілді, оқуға кеткен мұғалімдердің апталық жүктеме сағаттары ауысымға (заменге) өзге пән мұғалімдеріне берілді (ауыстыру үшін).
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы ТО және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілігі 13.09.2022жылғы №15-7-27-10-257 санды шығыс хатына, ШААӘДБ - нің 19.09.2022ж №06/10-4/363 санды хатына сәйкес, 19.09 - 30.09.2022 ж аралығында күндізгі форматта өтетін жоспарланған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру бюджеттік курсының күндізгі форматына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Сайфуддинова мен физика пәнінің мұғалімі А. Булегеноваға жіберілді, оқуға кеткен мұғалімдердің апталық жүктеме сағаттары ауысымға (заменге) өзге пән мұғалімдеріне берілді (ауыстыру үшін).
Жас мамандардың күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарлары тексеріліп, ескертулер айтылды, кемшіліктері түзетіліп, бекітуге ұсынылды.
Барлық пән мұғалімдеріне жоспарды жаңартылған білім беру мазмұнына сай жасау №472 бұйрықпен орындау керектігі айтылды.
11-ші және 9-сынып оқушыларын ҰБТ мен ОЖСБ – ға дайындау жоспары жасалды және пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне жоспармен танысты.
Барлық сыныптардан оқушылардың білім деңгейін байқау мақсатында кіру срезі алынды (барлық негізгі пәндер бойынша). Оқушылардың жазба жұмыстары тексеріліп, қорытынды шығарылды және мониторингі жасалып, жинақтап тігілді және оқу бөліміне өткізілді.