№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

12.10.2022 ж «Масғұт» поэмасының тақырыбы мен идеясы» тақырыбында 10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік - композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну, 10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру  оқыту мақсатында 10а сыныбында ашық сабақ өткіздім.

Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында А. Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен  бастап қызыл, сары алма арқылы  «Абайдың қарасөздері»,  «Абайдың өлеңдері» арқылы екі топқа бөлдім.

 «6 неліктен?» стратегиясы арқылы Абай шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылып, өткен сабақты пысықтап алдық.

Оқушылардың барлығы дерлік белсенділік танытып, өткен сабақтарды жақсы меңгергендігін көрсете білді. Тапсырмаға жауап берген оқушыларды «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы ҚБ бағаланып отырды. 

«Әлем Абайды танысын!»  айдарында  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М. Мауленова оқушыларға Абайдың жүрген ізі, жолы бойынша ағылшын тілінде сұрақтар қойып, оқушылардан ағылшын тілінде жауабын алып, ағылшын тілін керемет меңгергендігі, пәнге деген қызығушылығы жоғары екендігін көрсете білді.

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық
мұңын шерткен Абай мұрасы ­мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап, адымдап келгенін сезіндіру мақсатында «Ойтүрткі» әдісі бойынша Абайдың жүрген ізі, шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар Абайдың «Масғұт» поэмасымен танысып, болжам жасап, қандай ой түйгені жайлы жетелеуші сұрақтар арқылы ойларын ортаға салады. 

  1. Поэманың бас кейіпкері кім? Ол қандай қасиеттерімен ерекшеленді?
  2. Абай «Масғұт поэмасын қандай шығарма желісімен жазды? Оған не түрткі болды?
  3. Поэмада қандай мәселе сөз болды?
  4. Кейіпкердің қызыл жемісті таңдауынан қандай ой түйдіңдер? Оқушылар осы сұрақтарға жауап беріп, бағаланып отырды.

 «Сөз қоржыны» әдісі арқылы төмендегі сөздермен сөз қоржынын толықтырды, діптерлеріне жазып алды.

Сабақ барысында «Абайдың қарасөздері» тобы поэманы композициялық құрылымына талдау жасап, мазмұнын дұрыс құрылымдаса,

2 - топ «Абайдың өлеңдері» тобы «Бес қадам» әдісі арқылы поэмадағы басты кейіпкер Масғұтқа мінездеме беріп, іс - әрекеттерін даралап, шығарма кейіпкерлерінің қасиеттерін анықтап, салыстырмалы мінездеме беріп, мысалдар келтіре білді.

Масғұттың бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді, ақ жеміс пен сары жемістен бас тарту, қызыл жемісті таңдаудағы себебін анықтап, шығарма кейіпкерінің іс - әрекетіне қатысты өз пікірін ортаға салды.

Оқушылармен жеке жұмыс жүргізіліп, оомадағы  Масғұттың  қызыл жемісті таңдаудағы артықшылығы мен кемшілігін  ВЕНН диаграммасы арқылы салыстырып жазып  жақсы мен жаман қасиеттерді айқындады.

«Болмасаң да ұқсап бақ» әдісі арқылы  оқушылар өз шығармашылығы бойынша

----------------------------------------------Абайды                                    

----------------------------------------------талайды

-----------------------------------------------

----------------------------------------------жарайды

өлең құрастырып, мәнерлеп оқып берді. Оқушылардың шығармашылыққа бейім екенін көрсете білді.

Осы поэмадан қандай ой түюге болады? М.Әуезовтің «Ескі Бағдат тонын кидіргенше, өз тұсындағы қазақтың өзіндік тіршілігінен алып, сюжетті сол болмыстан қиюластырса, шығарманың басты идеялары оқушыларына орағытып жетпей, төтелей жеткен болар еді» деген ойымен келісесің бе? Ойыңды қалай дәлелдейсің? Сұрақтары бойынша сабақты қорытындылап, «5 саусақ» әдісі арқылы бас бармақ-мен үшін маңызды және қызық, балан үйрек - маған түсініксіз болды, ортан терек - маған жеткілікті болмады, шылдыр шүмек-менің көңіл күйім, кішкене бөбек - менің ұсынысым бойынша белгі көрсетіп, сабақты қалай меңгергіндігін білдірді. Сабақ барысындағы тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап берген оқушылар дер кезінде бағаланып отырды.

Сабағыма мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Қ. Әбдиева, мектептің тренер ұстазы А. Усербаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Тұрманова, директордың ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Ф. Оспанова, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Г. Батырмбетова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Үсенова,  кәсіптік бағдарлаушы Ш. Әбдімауленова, және математика, орыс тілі, ағылшын тілі, бастауыш сынып,  бірлестіктің мұғалімдері қатысып, сабағыма талдау жасап, оқушыларға рақметін айтты.

Қазіргі заман талабы – пән мұғалімдері өз білімін арттыру бойынша дамылсыз ізденіп, жаңа оқыту технологияларын пайдаланып, оқушыларға терең білім беру. Осы мақсатқа сай мектеп әкімшілігі мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін оларды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы ТО және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілігі бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және педагогикалық шеберлік орталығында төмендегі мұғалімдер жоспар бойынша курсқа жіберіліп, біліктілігін арттырып келді.