№12 жалпы білім беретін мектепте болашақ оқытудың бейіндік
бағыттарына қатысты білім алушылардың алдын ала өзін- өзі айқындауын
қамтамасыз ету үшін, мектепте жүйелі дайындық бейіналды және кәсіптік
бағдар жұмысын жүргізу үшін 6-7 сыныптар арасында директордың бейіндік
оқыту ісі жөніндегі орынбасары Г.Батырмбетованың ұйымдастыруымен
сурет байқауы өткізілді. Оқушылар өздері таңдаған мамандық иелерінің
суреттерін салып қабырға газеттерін шығарды. Нәтижесінде 6 «В» сынып І
орынмен, 6 «Б» сынып оқушылары ІІ орынмен, 6 «А» сынып оқушылары
марапатталып мақтау қағаздары тапсырылды.