Түркістан облысының Білім басқармасының Шардара ауданының Білім
бөлімінің №12 жалпы орта мектебінде, үйірме жетекшілердің
ұйымдастырумен 2023 жылдың 8 қараша күні, 8-ші сынып оқушылармен
«Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие-шынайы тәрбиенің құралы»
тақырыбында дебат сайыс өткізілді. Дебат екі топтан тұрады: «Парасат»
үкімет топ мүшелері (жақтаушы) және «Ақиқат» оппозиция топ мүшелері
(даттаушы). Топ құрамында үш оқушыдан қатысты.
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу,
ұлттық құндылықтар-біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл
мұра екенін түсіндіру. Оқушыларды-елжандылыққа, терең ойлауға, өнер
сүюге, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты білімін дамыту арқылы
нығайту.
ҚББП: Есиркепова А
Үйірме жетекшілері:
Абилханова Улдана
Есенбекова Маржан