«Қыз қылығымен көрікті» ерте жүктіліктің алдын алу»
Мақсаты: Ұлт айнасының кірлемеуін, отбасы абыройының биік болуын, ел көркінің бұзылмауына үлес қосу.
Қазақ халқы қыз тәрбиесіне аса мән берген. «Қызым - үйде, қылығы - түзде» деген тәлімді тұжырым айтқан бабаларымыз болашақ ананың жүріс-тұрысына, әдебі мен қылығына, тәрбиесіне көңіл бөлген. Өйткені, «Қыз қылығымен сүйкімді» деп түсінген. Біздің халқымыз қыз баланы төрге шығарып, ерекше құрмет көрсеткен. Отбасында қызды құрметтеген. Қыз баланы тұрмыстық өмірге дайындау. Бұл -аса маңызды амалдың бірі. Қыз баланы үй шаруасына дайындаған. Киім киісіне, жүріс тұрысына өте қатты мән берген. Осы ретте қыз баланы жас кезінен бастап әуретті жерін жауып, дін мен дәстүрге сай киінуге үйретудің маңызын ерекше атап өтер едім.
Бүгінгі жиынымызға келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар. Мектебіміздің ата-аналар кеңесінің төрайымы Әбдиева Қырмызай апайымыз, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Орынша Лесбайқызы Қалшабекова апайымыз келіп отыр.
Алдымен мектеп психологы Б. Өрісбаева видеоролик көрсетіп, тақырыпқа арқау етті. Сол видео ролик желісінде біршама әңгіме қозғалды.
Ата-аналар кеңесінің төрайымы Қ.Әбдиева апайымызға сөз кезегін беріп, қыздарға деген ақыл кеңесін тыңдадық. Ұлтымыздың салт дәстүрінен, әдет ғұрпынан яғни ежелден ұлтымыздың қыз тәрбиесіне деген көзқарасын өте шебер жеткізді. Қыз баланың әдебі мен инабаты, ибалылығы туралы мысалдар келтіріп жеткізді.
Одан соң Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі Орынша Лесбайқызы Қалшабекова апайымыз өз кезегінде мақал мәтелмен өрнектеп сөздің майын тамыза айтқан әрбір әңгімесі тыңдаған жанға әсер бермей қоймайды.Қыздарымыздың жүріс-тұрысы, киім киісі, сөйлеу әдебі оның алған тәрбиесін сипаттайды деді. Әрбір қыз баласы болашақ келін, болашақ ана яғни ұлтты тәрбиелейтін тұлға, сол себепті қазіргі тұлымы желбіреген әрбір қыз баласына жөн сілтеп, тура жолға жол көрсету біздің міндетіміз деді.
Мектебіміздің қыздар кеңесінің төрайымы Ә. Усербаева өз кезегінде қыздарымыздың күнделікті киім киісіне шаш үлгісіне сыни пікірін білдіріп, ақылын айтты. Бүгінгі қыз баласы ертеңгі ұлттың анасы сол себепті әрбір отбасынан шыққан қыздың тәрбиесіне дұрыс бағыт бағдар беруді жөн санаймын деді.
Мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Усенова жиында айтылған ақыл кеңестерді толықтырып, айтылған әрбір ақыл кеңестен қорытынды шығара білу керектігін айтты.
Жиын соңында мектеп психологы Б.Өрісбаева көңілді аяқтау мақсатында «Қыздар,қыздар» әнін бірге орындалды.
Алла Тағала ибалы қыз өсіруді, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді баршамызға нәсіп еткей!
Заман талабы деген желеумен бұрымын өрмей шашын жаю, түрлі түске бояу, етегі қысқа немесе етегінен жыртып қою, кеудесі ашық киім киюге әуес осы тұрғыда қыздарға айтар ақыл кеңестаріңіз болса бөліссеңіздер.
«Ел боламын десең бесігіңді түзе», «Қыздың тәрбиесі ұлттың тәрбиесі»
«Қыз еркем қылығы көркем» «Қыз -қылығымен сүйкімді»
Қыз ұлттың айнасы, отбасы абыройының биік болуын, ел көркінің бұзылмауына аса сақтықпен, қамқорлықпен қараған.
Алла Тағала ибалы қыз өсіруді, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді баршамызға нәсіп еткей!