№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде Аудандық адами әлеутті дамыту бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері Г.Шамееваның ұйымдастыруымен көшпелі ата - аналар жиналысының қыздар кеңесі болып өтті

Аудан әкімі жанындағы кәмілетке толмағандар ісі бойынша комиссиясының мүшесі, аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Айдарова Жаңылай Зияшқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің жанындағы әжелер алқасының төрайымы Исаева Гульзакира Дауланқызы, Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері Шамеева Гаухар Қарасайқызы.

Ата - бабамыз ежелден бала тәрбиесіне терең мән берген. Қызының намысына дақ түспеуін қадағалап, ел болып тыйып отырған. Қазіргі нарықтық экономикаға бет бұрған заманда ұлттық тәрбие кенжелеп қалған сыңайлы. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші, тәрбиені босаңсытып алғанымыздың кесірін тартып ақ жатырмыз. Ел жүретін орындарда тапа-тал түсте қаракөздеріміз шылымды түтіндетіп, жігіттердің мойнына асылып, сыра ішіп, кальян шегу «модаға» айналғаны, «бір күндік қызық» бәсекесінен қалмауы – бөрікті ұл мен көрікті қыз өсіруді армандаған қазақ халқына түрпідей тиюде. «Қызға қырық үйден тыйым» сала алмай, ырымдар ментыйымдарды жетелеріне жеткізе алмай, пұшайман халде қалдық па деп қорқамын.

Намысшыл елдің ұрпағы едік, бүгінде шетелдіктерге еліктеп, ата-баба салтынан ауытқып кеттік пе деп қорқамын.

Қыздарымыз алдымен аяғы ауырлап, кейіннен тұрмысқа шыққаны шығып, ал ата - анасынан қорыққандар жетімдер үйінің алдына перзентін тастап кетіп жатыр.

Қыз тәрбиесіне байланысты бірнеше мысалдар келтіріп, мектептің ішкі тәртібіне бағынуды түйін етіп, баяндамасын аяқтады. 

Мектеп психологы Б. Өрісбаева баяндамасын керемет видео роликпен бастады. Өте әсерлі болды. Оқушылар көрген видеодан өз ой пікірлерін атты. Әрі қарай баяндамада қыз тәрбиесі туралы маңызды әрбір қызға ой салардай мәселелер көрініс тапты. Сұрақ – жауаптар орын алды. Баяндама соңында әдемі, әсем ән шырқалды.