Қайырымдылық акция 26 01 2024 жыл
«Қайырымдылық керуені»
Мақсаты: Жас жеткіншектерді ұлттық рухта тәрбиелей отырып. Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа баулу.
І-Жүргізуші Мамбет Ерасыл
Қайырлы күн!
Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата – аналар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар!
ІІ-Жүргізуші Төлен Нұрай
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!
І-Жүргізуші
Жақсылық қылсаң балаға,
Бір қайырымын аларсың.
Адамгершілік танытып,
Дұрыс жолға саларсың.
Қолында бар да көмек ет,
Тарыққан жанға ағайын.
Қол үшін бер, демеу ет,
Алладан болсын сауабы.
ІІ-Жүргізуші
Осы игі шараға байланысты бүгін біздің мектебімізге келіп отырған қонақтарымен таныстырып өтейін:
- Қамқоршылық кеңесінің төрағасы –Данияров Асылхан Қасымұлы
2 Мектепішілік ата – аналар комитетінің төрайымы Абдиева Қырмызай
І-Жүргізуші
Сөз мектебіміздің директоры Тулепов Данияр Ырысбайұлына беріледі.
Ән «Алғыс» А Қайырбекова
ІІ-Жүргізуші
Келесі сөз кезегі қамқоршылық кеңесінің төрағасы –Данияров Асылхан Қасымұлы
Мәнерлеп оқу Ажбенбек Гаухар, Жұмабек Балауса
І-Жүргізуші
Көп түкірсе көл деген,
Дана қазақ халқымыз.
Ұйымдасып, бірлесе,
Көмек етсек өзгеге – деп осы «Қамқорлық» қайырымдылық акция аясында істеген игі істеріңіз, жылы ілтипаттарыңыз, балалардың жүрегіне жылу ұялатсын десеңіз, осы күндері олардың бір арманы орындалып, бақытты балалықтың қуанышына бөленсін десеңіз мектептегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы оқушыларына көмек көрсетулеріңізді сұраймыз!
«Мереке» би тобы Текемет биі
ІІ-Жүргізуші
Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығуына аз да болса қарлығаш көмектеріңізді бергендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз.
«Адай» күйі Тойлыбай Дінмұхамед
І-Жүргізуші
Жомарттық – адамың ең тамаша қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Олай болса, шын жүректеріңізден жасаған жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін.
«Балбырауын» күйі Г Данишхан
ІІ-Жүргізуші
Сөз мектепішілік ата – аналар комитетінің төрайымы Абдиева Қырмызай беріледі.
І-Жүргізуші
Акцияға қатысып отырған мектеп ата- аналары атынан сөз
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Ән Төлен Нұрай Өлмейтіндер
ІІ-Жүргізуші
Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман – үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!
Ән Отаным Мансұр Кәусар Төлеген Арайлым хормен
Адамгершілік тақырыбындағы оқулар.
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.- Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
3. Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
Жүргізуші: Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Ән «Мың алғыс саған Ұстазым» Диханбай Ұлбике Ағанай Жансая
І-Жүргізуші
Құрметті акцияға қатысып отырған қонақтар, мектеп оқушылары, ұстаздар!
Бұл акция бір күнмен шектеліп қана қоймайды, осы оқу жылының соңына дейін жалғасын табады.
Бүгінгі «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп ұжымына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз
ІІ-Жүргізуші
Адамға еткен жақсылық,
Арнап берген нармен тең, - демекші қайырымдылық көрсеткен Сіздерге Аллаһ Тағаланың нұры жаусын! Келесі көріскенше сау болыңыздар!