9-шы желтоқсан күні 7г сыныбында «Дүниежүзілік мұхит құрамдас бөліктері» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Б. Мусабеков ашық сабақ өтті. Оқушыларды топқа бөліп, топ басшыларын сайлап, «Аквариум» әдісі арқылы үй - тапсырмасын пысықтады. Бейнеролик көрсету арқылы тақырыпқа шолу жасады, кескін картадан тапсырмалар орындатып, алған мәліметтерді саралап, әр оқушы картадан көрсетіп отырды. «Теңіз шайқасы» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар дайындатып, мұхиттың ерекше жағдайын баяндады. Мұхиттың экологиясы арқылы тақтада алған білімдері жайлы постер қорғап, «Микрофон» сауалнамасы арқылы сабақтан алған білімдерін саралап, топтық бағалау жүргізді.
Жалпы сабақ өз дәрежесінде өтті, оқушылар белсенді, су ресурстарының маңыздылығынөзен мен көлдерге оқушылар, Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайын, құрамдас бөліктерін сипаттап, сабақ өз мақсатына жетті. Сабаққа енген әріптестері жақсы деп бағалады.