2022 - 2023 оқу жылында мектептегі әдістемелік жұмыс: «Білім беруде оқытудың педагогикалық технологияларын қолдана отырып, әр оқушының білім сапасын көтеру, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында жалғастырылды.
Әдістемелік мәселенің мақсаты: тәрбиелеу және оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу, оқушылар білім сапасының қалыптасуындағы мұғалімнің жетекші ролі және оқушылар ептілігі мен дағдаларын дамытудағы педагогикалық еңбектің нәтижелерін көтеру әдістері мен тәсілдерін қамту.
Мектепте әдістемелік жұмыстарды үйлестіру үшін әдіскерлік кеңеспен пәндер бойынша 8 әдістемелік бірлестігі құрылған. Барлық ӘБ бекітілген жоспар көлемінде өз тақырыптары бойынша жоспар бойынша жұмыс жүргізіп отыр.
Мектепте жас мұғалімдерге әдіскерлік көмек көрсету жүйелі түрде жүргізіледі. Жас мұғалімдерге тәлімгер ұстаздар тағайындалған. Оларды жаңа технологиялармен таныстыру, технологияларды таңдап алып жұмыс жүргізу жолға койылған. Жас мұғалімдерге әдіскерлік көмек көрсету мақсатында «Жаңа технологияларды пайдалану», «Оқушылардың артықша оқу жүктемелерін жеңілдету жолдары», «Оқушылардың шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту» тақырыптарында семинар, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жас мамандар үшін анкеталау өткізіліп, олардың талап-тілектері ескеріліп, жеке консультациялар ұйымдастырылып, нәтижесі әдіскерлік кеңесте қаралады