09.12.22ж Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, оқу - әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда ауданда «Білім беру процесіне ақпараттық технологияларды енгізу негізінде оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары" тақырыбында М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде 2022 жылдың желтоқсан айының 9 - ы күні оқыту семинары өтілді. Оқыту семинары бастауыш сынып және шағын жинақты мектеп мұғалімдерімен өткізілді. Әдістемелік оқыту семинарының мақсаты білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқытып, оқу - тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, оқушыларға, ұстаздарға жүктемені азайту. Ең бастысы - білім беру сапасын арттыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Әдістемелік оқыту семинар барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлжан Илесова және №12 жалпы орта мектебінің пән мұғалімі Гульнур Сайман «Заманауи технологияларды пайдалану» тақырыбында BilimLand, Onlinemektep электронды журналды талапқа сай жүргізу мен толтыру, БЖБ, ТЖБ жүргізуде журналды қалай дұрыс толтыруға болатыны туралы атап өтті.
-Onlinemektep электронды журналында тоқсандық бағаларды қоюдың негізгі ережелері туралы кеңес берілді.
-Onlinemektep электронды журналында сабаққа қатыспаған оқушыларды қалай белгілеуге болады. Мерекелік күндердін қалай рәсімдеуге болады.
BilimLand платформасы мұғалімдер үшін оқу үдерісін ұйымдастыру барысында да, сабақтан тыс іс - шараларда өткізу кезінде де аса тиімді, мектепте сабақ өтуде заманауи технологияларды тиімді пайдалану, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың пәнге қызығушылығын оятады және шығармашылық қабілетін дамытады.
Әдістемелік семинарда білім беретін ұйымдарында цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыты BilimLand платформасының цифрлық білім беру ресурстарының ерекшеліктерімен таныстырылды. Оқыту семинар барысында Onlinemektep электронды журнал бойынша атқарылған жұмыстар мен күтілетін нәтижеге бағытталған жұмыстар туралы әдістемелік ұсыныстар айтылды.