№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

15.09.2022ж «Балалар тәрбиесіне байыпты қарайық!» тақырыбында ата - аналар жиналысы бөліп өтті. Қазіргі таңдағы ата-аналардың меғктеппен мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиесіне байыппен қарау мақсатында өткізілді. Бала үшін мектеп және өз үйі қауіпсіз орта болуы қажет. ДТІЖО-ры Г. Батырымбетова өткен оқу жылындағы атқарылған тәрбие жұмыстары бойынша және биылғы жылдың жаңалықтармен бөлісті. Сондай - ақ балаларға қатысты зорлық - зомбылық, бала еңбегін қанаудың алдын алу жұмыстары, құқықбұзушылықтың іс - шаралары бойынша жұмыстардың жүйелі жүргізілуі түсіндірілді. Сонымен қатар баланың оқуына да тікелей ата - ананың қатысы бар екендіктері, әрі жауапты болатындықтан үйде баланың сабағына ата - ана қарауы керектігі, жаңа оқу жылының ерекшеліктері жөнінде түсіндіріп өттім.

11 - сынып оқушыларынан ҰБТ-ке дайындау мақсатында болжау тесті (№1) 25.09.2022ж күні алынып, қатемен жұмыс жасалды, нәтижесі шығарылып, мониторингі жасалды. Оқушылардың ата - аналарына тест нәтижесі хабарланды.

Мектеп құжаттамасының жүргізілуін мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 2022 жылғы 25 – 27 қырқүйекте сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің 1 – 11-ші сыныптың электрондық журналының уақтылы толтырылуы тексерілді.

Мектепішілік басшылық пен бақылау және кезекшілік (жоспар бойынша) кестесі жасалып, бекіттірілді және тиісті орнына ілінді.

Пән бірлестіктерінің жиналыстарына қатысу, пән мұғалімдеріне оқу жылын бастау, жаңартылған білім беру мазмұны, электронды журнал, сыныптарды оқытудағы өзгерістер т.б.білім беру сапасына байланысты жаңалықтар, білім беру саласындағы ұйымдарының үлгілік оқу жоспарындағы өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтылды.

Пән мұғалімдерінің сабақтарына ену, талдау жасау және әдістемелік көмек беру жұмысы іске асырылды.