Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық!»
Мақсаты: 1. Оқушылардың ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық - қарым қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімін нығайту.
Оқушылардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру
Ата - ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.
«Тәрбие - баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» .
А.С.Макаренко
Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. «Мейірімділікті анадан,
Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз
Бала тәрбиесі - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттің абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - деп еді.
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала - дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?
Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.
№12 жалпы орта мектептің 5-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысының хаттамасы
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық»
Мақсаты: Оқушыларыдың ата-ана сөзінің мәні ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық-қарым қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімін нығайту.
Міндеті: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларды білімге, мейрімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Күн тәртібінде:
- «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» баяндамашы ДТІЖО Усенова Н.
- Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің зиянды әрекеттерден алшақ болуы». Баяндамашы КТІЖ учаскелік полиция инспекторы Тілеуов Қ.
- «Темекінің адам ағзасына зияндығы» мектеп медбикесі Н.Кузербаева
- Аудандық ішкі саясат бөлімінің теологы А.Данияров мырзаға
- Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Мектеп директоры Д.Тулепов жиналыстың мақсаты, міндетімен ата-аналарды таныстырды. Ұялы байланыс құралының зиянды тұстары жайлы бірнеше мысалдар келтіріп, мектепке әкелуге тыйым салынатындығы жайлы хабардар етті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Усенова «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасады. Оқушылардың сабақтан қалмауы, сабақтан кешігуі, мектеп формасында киінуі, мектепке ұялы телефонмен келуі жайлы тоқталды. Ата -аналардың пікірлері тыңдалды.
Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүріп жатқан түнгі рейдтер жайлы мектеп инспекторы Қ.Тілеуов баяндама жасады. Кешкі уақытта сыртқа шықпау, дүкенге ішімдік, темекіге мектеп жасындағы баланы жұмсамау, ойынханаларға баланы жібермеу туралы ата-аналарға айтты. Түнгі рейд барысында әртүрлі себептермен қолға түскен балалардың ата- аналарына қолданатын шаралар туралы ақпарат берді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің теологы А.Данияров мырза жасөспірімдердің өзге дінге бет бұруы, одан қаншама отбасы зиян шегіп отырғандығы жайлы мысалдар келтіріп, бала санасына жеткізіп айту керектігін айтты. Ұялы телефоннан келетін қауіп қатерлерге тоқталды. Ерте жүктіліктің алдын алу соның ішінде қыздарымыздың юбкаларының тізеден төмен түсіп тұруына мән беруін айтты.
Қаулы:
- Оқушылардың ұялы телефонды сабаққа алып келмеуі, сабаққа кешікпей келуі, себепсіз қалмауы қадағалансын.
- Мектептің ішкі тәртіп ережесі сақталсын.
- Мектеп жасындағы бала кешкі сағат 19:00-ден кейін ата-анасысыз көшеге шықпауы қадағалансын.
Мектеп директоры: Д.Тулепов