Түркістан облысы, Шардара қаласы №12жалпы орта мектебінде 5сыныптар арасында "Атам әжем байлығым" атты фотосурет байқауы ұйымдастырылды.
Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.
Сонымен қатар "Ұстазға тазғым" атты бастауыш сыныптар арасында сурет салу байқауы өткізілді.
Байқауға қатысқан оқушылар марапатталды.