Ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні
Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12 жалпы орта білім беретін
мектебінде тәрбие саласы бойынша ата-аналармен жұмыс жоспарына
сәйкес 2023 жылдың 23, 24-қараша күндері аралығында ата-аналарға
арналған «Ашық есік» күні өткізілді.
Мақсаты: ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне тарту, балаларды бірлесіп
оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін айқындау және іске асыру, ата-аналарды
мектептің оқу-тәрбие процесіндегі инновациялық тәсілдер туралы
хабардар ету және мектептегі іс-шараларға белсене араласуға тарту.
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әбунасыр әл –Фараби
айтқандай, тәуелсіздік тұтқасын ұстар тәуелсіз елдің ұландарының білімі
мен қатар тәрбиесі де әрдайым басты назарда. «Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі» деп, отбасындағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген ата-
баба өсиетін қаперден шығармай келе жатқан ел қашан да бағытынан
адаспақ емес. Баланың жан-жақты толыққанды дамыған тұлға болып
қалыптасуына мектептің де, ата–ананың тәрбиесінің де маңызы зор.
Мектепте алған тәрбиесі мен отбасынан алған үлгісін өміріне азық ете
білсе, ХХІ ғасыр игілігіне жарата білсе –зор қуаныш.
Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты тағы да бір бекемдеп,
ұрпақ тәрбиелеу ісіне тарту, ортақ мақсатта бірлесе еңбек етуді көздейді.
Ұл-қыздарының мектептегі өміріне қызығушылық танытқан ата-аналар өз
қалауларымен сабақтарға кіріп, ұстаздардың сабақ өткізу әдістерімен
танысты. Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқады.
Мұғалімдеріміздің күнделікті жұмыстарының мән-жайымен танысты.
Балаларының білім деңгейлеріне көз жүгіртіп, дайындықтарынан хабардар
болды. Ата-аналар комитетінің мүшелері толықтай мектептің тыныс-
тіршілігімен танысты. Жоспар бойынша ата-аналар сабақтарға қатысып, іс-
шараларға жоғары баға берді. «Ашық есік» күні ата-аналар комитетінің
отырысымен аяқталды. Отырыста жоспарланған мәселелер толықтай
жүзеге асырылды.