№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

22.12.22ж 7 г сыныбында биология пәнінің мұғалімі Б. Есенбаева «Адамның тыныс алу мүшелерінің аурулары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Топты QR - код арқылы 1 - топ Денсаулық, 2 - топ Гигиена топқа бөлді. «Жаңбыр тамшылары» әдісі арқылы үй-тапсырмасын пысықтап, өткен сабақтарды қайталады. «Бейнежазба» интербелсенді тақтадан «Тыныс алу және тыныс шығару механизмі» тыныс алу және тыныс шығару механизмін сипаттап, әр оқушы өз ойымен бөлісіп, бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындап шықты. «Көбелек әдісі» арқылы  екі топқа екі тапсырма берілді, ауру түрлеріне  сипаттама беріп, аурулардың алдын алу шараларын жазды. «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз» әдісі арқылы тыныс алу мүшелерінің ауруларының қоздырғышы, симптомдары мен алдын алу шаралары туралы жұптық жұмыс орындатты. «Фото» әдісі жеке жұмыс әр оқушыға фотосы бар кесте берілді, әр оқушы берілген фотодан берілген суреттерден сөйлете отырып,  тыныс алу мүшелерін тапты.

Оқушылар да, мұғалім де өте белсенділік танытты.

Интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Әріптестері тарапынан өткізген ашық сабағы жоғары бағаланды. Жаңартылған бағдарламаға негізделген сабақ жоғары деңгейде өтті. Әрбір өтілген сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, жаңа тақырыпты деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында білімдерін толықтырды және өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерін қорғап қалыптастырушы тапсырмаларды жұппен орындап, оқушылар қалыптастырушы тапсырмаларды орындап, өзін - өзі бағалауға да дағдыланып, төселгені көрініп тұрды.

Аймақтық мектептен келген мұғалімдер өз ризашылықтарын білдіріп, әріптестерімізге шығармашылық табыс тіледі. Химия, биология ұйымшылдықпен, шығармашылық атмосферада, әдістемелік деңгейде өтті. Бұл оқушылардың осы пәндерге қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Мұғалімдер өз тәжірибелерін әріптестеріне көрсете алды, әдістемелік нәтижелерімен бөлісті. Сабақ барысы фотосуретке түсіріліп, мектептің сайтына, ФБ жарияланды.